"АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ"
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІ
ОБЪЕДИНЕНИЕ ЮРИДИЧЕСКИХ ЛИЦ "АССОЦИАЦИЯ НЕПРАВИТЕЛЬСТВЕННЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласына арналған ең үздік бейнеролик байқауы туралы ЕРЕЖЕ

1.Мақсаты мен міндеттері

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыру аясында бейнероликтер конкурсы жүргізіледі. Бұл конкурстың басты мақсаты дарындыларды анықтау, жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, «Туған жер» бағдарламасы аясында өңірге, қалаға, ауылға деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

2.Өткізу уақыты

Конкурс 2017 жылдың 20 – 26 қазан аралығында өткізіледі.

3.Қатысушылар

Конкурсқа облыстың барлық тұрғындары шақырылады.

4.Өткізілу шарты

Бейнероликтерді gak.aktobe@gmail.com электронды адресіне (А.Т.Ә., электронды поштаңызды, ұялы телефондарыңызды, жұмыс орныңызды көрсете отырып) жіберулеріңізді сұраймыз.

Қабылдау жұмыстары аяқталғаннан кейін комиссия мүшелері 3 үздік жұмысты таңдап алады.

Жеңімпаздар облыс әкімінің грамотасымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Автор өтінішін бере отырып ұйымдастырушыларға бейнероликтерді коммерциялық емес мақсаттар үшін одан әрі пайдалануға келісімін білдіреді.

Конкурстың тақырыптары таңдау бойынша:

  1. «Туған жер» бағдарламасы
  2. Ақтөбе облысы – біздің туған өлке
  3. 100 ұлы Ақтөбеліктер
  4. Ақтөбе – батырлар мекені
  5. Мен Ақтөбені сүйемін
  6. Менің отаным – Ақтөбе
  7. Ақтөбе – чемпиондар Отаны
    1. бейнесюжеттің түпнұсқасы;
    2. көркемдік және эстетикалық тартымдылығы;
    3. бейнесюжеттің техникасы және сапасы
    4. конкурстың тақырыбына сәйкестілігі

Leave a Reply

Your email address will not be published.

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>