Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

«Дін саласындағы мемлекеттік саясат» атты тақырыптағы ақпараттық-түсіндірме семинары

2017 жылдың қыркүйек айының 25 жұлдызында сағат 11:00-де БАҰО «Өрлеу» ғимаратында /каб 116/ «ЖАРЫҚ» ақпараттық-консультативтік орталығы» ЖММ оқытушы-дінтанушыларға, психологтарға, сол жерде сағат 14:30-да Ақтөбе қаласының Басқарушы компания өкілдеріне «Дін саласындағы мемлекеттік саясат» тақырыбына ақпараттық-түсіндірме семинар өткізді.

Бұл семинарлар Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы бойынша «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру бойынша семинарларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында өтті.

«Жарық» ақпараттық-консультативтік орталығы» ұйымдастырған бұл семинардың мақсаты:

  • деструктивті діни ағымдардың жұмыстары жайлы нақты ақпарат тарату;
  • халыққа әлеуметтік және психологиялық бағытта ақпараттық-консультативтік көмек көрсету;
  • діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу.

Семинарға сөз сөйлеп,қатысушыларға барынша көп мәлімет жеткізу мақсатымен, Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Орынбасар Мақсат Зейнуллаұлы, «Аңсар ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Сүлейменов Жандаулет Утарбайұлы, «Ақтөбе облыстық дін басқармасының» бас маманы Вороневич Ольга Александрова шақырылды.

Сағат 11:00-де өткен семинарға барлығы 102 оқытушы-дінтанушылар мен психологтар келіп қатысты. Семинар бағдарлама аясында басталып, «Жарық» ақпараттық-консультативтік орталығы» басшысы Дюсенова Айгүл Егізбайқызы сөз сөйледі.

Еліміздің болашағы, біздің жас жеткіншектеріміздің дұрыс көзқараспен тәрбиеленуінде осы психологтар мен оқытушы-дінтанушылардың орны бөлек. Сондықтан семинарда сөз сөйлеген спикерлер деструктивті діни ағымдардың өкілдеріне балаларды алдау оңайырак екендігін атап өтіп, мұғалімдерге көптеген тың ақпараттар берді. Діни экстремизмге байланысты мәліметтермен қатар, бейнероликтер мен слайдтар көрсетілді. «ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарына арналған тұжырымдасы» туралы айтылып, түсіндірілді.

Семинардың аяғында қатысушылардың ойлары тыңдалып, сұрақтарға жауап берілді. Мұғалімдермен ғана шектеліп қана қалмай, ата-аналарда осы сияқты семинарға қатысу керек деген ұсыныстар айтылып жатты. Сағат 14.00-де өткен семинарға Басқарушы компания өкілдері шақырылды. Бұл семинарғада шақырылған өкілдердің барлығы (30 адам) дерлік келді.

Теологтардың қызметі, деструктивті діни ағымдарға әр адамның иммунитеті болып және осындай жағдайлардың алдын алу мақсатындағы шаралар жайында сөз қозғалды. Осы уақытқа дейінгі бүкіл әлемді жаулап үлгірген Рон Хаббардтың саентологиясы туралы бейнеролик, экстремистік діни ағымдар жайында слайдтар көрсетілді.

Қатысушылар семинар соңында өз ұсыныстарын айтты. Мысалы, дінге қатысты заңдарды нақтылау, осындай ақпараттық- түсіндірме семинарларды жергілікті тұрғындарғада өткізу керектігін алға тартты. Сонымен қатар, семинарға «Қазақстан-Ақтөбе» телеканалыда келіп қатысты. Айгүл Егізбайқызы мен Жандаулет Утарбайұлынан сұхбат алынды.

Семинарда қатысушыларға қысқаша мәлімет жиналған қазақ және орыс тіліндегі «Абайлаңыз СЕКТАЛАР!» деген бүктеме және әдістемелік құралдар таратылды. Семинардың тақырабына сай баннер жасалып, қойылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>