"АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ"
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІ
ОБЪЕДИНЕНИЕ ЮРИДИЧЕСКИХ ЛИЦ "АССОЦИАЦИЯ НЕПРАВИТЕЛЬСТВЕННЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Батыр қыз рухына тағзым

Шығыстың қос жұлдызының бірі, Кеңес Одағының Батыры, снайпер, жерлесіміз –Әлия Молдағұлова 1925 жылы 25маусымда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында дүниеге келген.

Бүгін Ақтөбе облысының Үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы батыр қыздың аруағына тағзым ету мақсатында оның туған жері Бұлақ ауылында болып, оның ескерткішіне гүл қойды.

Мерейтойға орай жергілікті әкімдік пен ауыл тұрғындарының ұйтқы болуымен кездесу ұйымдастырылыпты. Батыр апасына ұқсап баққан кішкентай бүлдіршін – Парасат та бүгін үстіне арнайы әскери киім тіктіріп келіпті.

«Өлі риза болмай, тірі байымайды» демекші, қос шынар- Әлия мен Мәншүктің рухына бағыштап жергілікті мешіт имамы құран оқыды.

Мерейтой соңы ауыл мектебінің оқушыларымен ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға ұласты.

Иә, батыр қызымыз Әлия Молдағұлованың есімі ешқашанда өшпейді. Өйткені оның артында қалың елі, ұрпағы тұр. Ұрпақтар сабақтастығы әрқашан да жалғасын таппақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>