Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

«No problem! Мәселе жоқ!»

«No problem! Мәселе жоқ!» балалар мен жасөспірімдерге арналған Сенім телефоны өз жұмысын бастады

Ағымдағы жылдың мамыр айында Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Ақтөбе облыстық Білім басқармасының қолдауымен өмірдің қиын жағдайына тап болған балалар мен жасөспірімдерге арналған тәулік бойы жұмыс жасайтын «No problem! Мәселе Жоқ!» Сенім телефонының жобасы «Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйтқы болуымен өз жұмысын бастаған болатын.

2017 жылдың 6 маусымында «No problem!Мәселе жоқ!» балалар мен жасөспірімдерге арналған Сенім Телефонының іске қосылуына байланысты «Ақтөбе-ақпарат» пресс-клубында жергілікті және республикалық баспасөз өкілдерімен пресс-конференция өткізілді.

Пресс-конференция барысында аталмыш жобаның жүзеге асыру мақсаты, көкейкесті мәселелер сөз болды. Жобаның өмірде жиі орын алып отырған балалар мен ата-аналар арасында өзара түсінушіліктің болмауынан туындайтын қиындықтардың, жасөспірімдердің өз-өздеріне қол салуын, жасөспірім қыздардың ерте жүктілікке ұшырауын және тағы да басқалай мәселелерінің кеңінен етек жаюының алдын алу мақсатында енгізілгені туралы айтылды.

Жалпы алғанда жобаның мақсаты-балалар мен жасөспірімдерге арналған Сенім Телефоны арқылы дағдарысты жағдайға ұшыраған балаларды, жасөспірімдерді, ата-аналарды кәсіби кешенді қолдау.

Бұл жоба бойынша келесі қызметтер жүзеге асырылады: өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды тәулік бойы жұмыс жасайтын Балалар мен жасөспірімдерге арналған Сенім телефоны арқылы қолдау, өз-өзіне қол салмауды болдырмау бойынша әлеуметтік роликтер жасау, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін жұмылдыра отырып, Сенім Телефонын жұртшылыққа кеңінен ақпараттандыру.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған Сенім Телефоны – тәуліктің 24 сағаты бойында өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға жедел құқықтық және психологиялық көмек көрсететін қол жетімді қызмет. Сенім

Телефоны балаларды қорғауға бағытталған, балалар мен жасөспірімдерді қорғау бойынша әрекетті шаралар қабылдайтын басқа қызметтермен, ведомстволармен және ұйымдармен өзара ынтымақтастықта іс-қимыл жасайды және оны дамытады.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған Сенім Телефоны анонимді, тәулік бойы және тегін жұмыс жасайды.

Сенім телефоны туралы ақпараттандыру – баланың қауіпсіздігіне жасалар қадам.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған «No problem! Мәселе Жоқ!» Сенім телефоны: 909-000.

Жобаны ұйымдастырушы «Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ 2001 жылдан бері жұмыс жасап келеді.

Орталықтың бағыты – үйдегі зорлық-зомбылық және адам саудасы мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беруде «Үміт» дағдарыс орталығының жұмысына қолдау жасау, тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасы құрбандарына психологиялық және заңгерлік көмек беру бойынша сенім телефонының жұмысын жүзеге асыру. Зорлық-зомбылық мәселелері бойынша ақпараттық-насихат және білім беру жұмыстарын жүргізу, оның ішінде адам саудасының профилактикасы бойынша жастарға тренингтер өткізу. Үйдегі зорлық-зомбылық және адам саудасының алдын алудың өзекті жайттарын БАҚ-қа кеңінен насихаттау, облыс және қала тұрғындарына Сенім Телефоны Жұмысын ұйымдастыру.

Барлық туындаған мәселелер бойынша 24-17-24 телефонына хабарласуға болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>