"АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ"
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІ
ОБЪЕДИНЕНИЕ ЮРИДИЧЕСКИХ ЛИЦ "АССОЦИАЦИЯ НЕПРАВИТЕЛЬСТВЕННЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің вице-министрімен кездесу

2017 жылғы – 20-22 ақпан күндері аралығында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің вице-министрі Нүкенов Абзал Нүкенұлы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын түсіндіру мақсатында Ақтөбе облысына жұмыс сапары жоспарланды.

Жоспар бойынша 21 ақпан күні «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында үкіметтік емес ұйымдар басшыларымен, Ақтөбе қаласының белсенді жастарымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында қатысушылар өзекті мәселелеріне қатысты сұрақтар қойып, жауап ала алды.

Содан кейін вице-министр Прохоров көшесінде орналасқан Ақтөбе облысының Үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының ресурс орталығымен танысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>