Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

«Естелік шырақ»

Ақтөбе облыстық білім басқармасы Кеңес Одағының батыр қызы – Әлия Молдағұлованың рухына арнап 2017 жылдың 13 – қаңтар күні сағат: 10.30-да Ә.Молдағұлова атындағы музейінде экскурсия және сағат: 11.00-де білім беру ұйымдарының 200 оқушылар мен студенттердің қатысуымен Ә.Молдағұлова ескерткішінің жанында (Ағ.Жұбановтар көшесінде орналасқан) «Естелік шырақ» атты патриоттық акциясы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, 2017 жылғы қысқы Универсиада қарсаңында «Қанатыңды кең серпі!», жас спортшыларды спорттың биік шыңын бағындыр дегенді білдіреді.

2017 жылғы қысқы Универсиада талисманы Сұңқар құсы. Қазақ даласындағы мықты, еркіндік сүйгіш, жылдамдық пен ұшудың, жылдамдық пен энергияның және жеңіске жетудегі зор талаптың белгісі болып табылады.

Акцияның мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, ұлы жеңіс туралы мағлұмат беру. Отан үшін жан қиған ардагерлердің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу. Жастарды ұлттық тәлім-тәрбие бұлағынан сусындату, әдеп пен өнер әлемені жетелеу, патриоттық сана-сезімдерін ояту, жас ұрпақтың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға, «Ешкім де ешқашан ұмытылмайды» ұранымен Әлиядай ару апаларымыздың ерлігіне тағзым етуге тәрбиелеу.

Акция аясында: Біз тәуелсіз бейбіт күнде тыныш өмір сүрудеміз. Мерекелік жиын ұйымдастырылып, Ә.Молдағұлованың рухына арналып «естелік шырақтары» орнатылды.

Негізгі өткізілген орны және уақыты: Ақтөбе қаласы, Ағ.Жұбановтар көшесі Ә.Молдағұлова ескерткіші сағат 11:00 – де өтеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>