Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны, адам саудасы бойынша дағдарыс орталығының ұйымдастыру жұмыстары» жобасын қорытындылау

«Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны, адам саудасы бойынша дағдарыс орталығының ұйымдастыру жұмыстары» жобасы бойынша 29 қараша 2016 жылы Ақтөбе қонақ үйінің конференц залында жобаны қорытындылау дөңгелек үстелі өткізілді. Дөңгелек үстелге ішкі істер органдарының қызметкерлері, ЖОО және кәсіптік білім беру орындарының тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары, мемлекеттік мекеме қызметшілері, сот орындаушылар, сот маманы, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, әскери гарнизонның өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты 5 айдағы жобада жоспарланған істердің орындалуы туралы баяндау және қорытындылау. «Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Е.Дюсенова бірлестіктің мақсаты, миссиясы және істеліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Бірлестіктің заңгері Изимбетова Р.А. жобаның орындалуына арналған презентациямен таныстырды. Полиция майоры Нурымжанова М.С. әйелдерді қолдау орталығымен істелген жұмыстарға тоқталса, подполковник Каримбаева А.К. алты жыл бойы әріптестікпен істеліп жатқан жұмыстар туралы айтып, орталықтың 15 жылдығымен құттықтады. Дөңгелек үстелге қатысып отырған жоғары оқу орындарының және колледж директорларының орынбасарлары өткізілген семинар-тренингтің қажеттілігіне тоқталып, бірлескен жұмысқа рахмет айтты.

«Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дюсенова А.Е. «Ақтөбе облысы ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дағдарыс орталығының жүзеге асырған «Адам саудасы және отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған дағдарыс орталығының жұмысын ұйымдастыру» жобасы шеңберінде атқарылған жұмыстарға белсене қатысып, әлеуметтік әріптестік аясында үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара қарым қатынасын нығайтуға белсене ат салысқаны үшін Каримбаева А.К, Нурымжанова Марина, Абельпеисова Б.Х., Тәжібаева Самал, Тулегенова Майя, Калдина Гулжайнар, Туреханова Дидар марапатталды.

Жиналғандардың барлығына үллестірме материалдар мен буклеттер таратылды. Дөңгелек үстел соңында кофе – брейк ұйымдастырылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>