Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісім шеңберінде «Жастар мен жастар ұйымдарының, ғылыми және педагогикалық сала мамандарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда атқаратын ролі» және «Құқық қорғау, кәсіподақ, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда атқаратын ролі» тақырыптарына
пікір алмасу алаңдары (диалоговые площадки) өткізілді. Нәтижесінде біріккен жоспарлардың орындалу нәтижелері қорытындыланып алдағы уақытқа көзделген іс-шаралар талқыланды. Пікір алысу алаңдарының жұмысына әркез 40 – 50 адам, қалалық, облыстық маслихат депутаттары, облыстық жергілікті атқарушы органдар басшылары, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, құқық қорғау органдарының басшылары, қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.