2016 жылдың 9 қараша күні Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің мәжіліс залында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті және «Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған «Рухани – адамгершілік және азаматтық – патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру» тақырыбында пікіралысу (диалог) өтті.
Бұл шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мамандары, Ақтөбе облыстық, қалалық және аудандық білім беру басқармаларының басшылары мен мамандары, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері қатысты.
Пікіралысу барысында талқыланған мәселелер:
- Жалпы білім беретін мектептің тәрбие жұмысының тиісті оқу жылына арналған кешенді жоспары;
- Сыныпқа жетекшілік ететін педагогикалық қызметтердің тәрбие жұмыс жоспары;
- «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспары.