Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

Рухани – адамгершілік және азаматтық – патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру

2016 жылдың 9 қараша күні Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің мәжіліс залында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті және «Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған «Рухани – адамгершілік және азаматтық – патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру» тақырыбында пікіралысу (диалог) өтті.

Бұл шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мамандары, Ақтөбе облыстық, қалалық және аудандық білім беру басқармаларының басшылары мен мамандары, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері қатысты.

Пікіралысу барысында талқыланған мәселелер:

  • Жалпы білім беретін мектептің тәрбие жұмысының тиісті оқу жылына арналған кешенді жоспары;
  • Сыныпқа жетекшілік ететін педагогикалық қызметтердің тәрбие жұмыс жоспары;
  • «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспары.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>