Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны, адам саудасы бойынша дағдарыс орталығының ұйымдастыру жұмыстары» жобасы бойынша 4 қазан 2016 жылы Ақтөбе С.Баишев атындағы Университетінде «Адам саудасынан сақтаныңыз» тақырыбына тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты: жастарға адам саудасы туралы мағлұмат беру, Қазақстан Республикасында адам саудасы туралы нақты жағдайлар туралы, қанау түрлері және одан жәбірленушілердің алатын салдары, ізгілік пен қайырымдылық қағидаттарын қалыптастыру.Тренингке университеттің 1-3 курс студенттері қатысты. Тренинг барысында өзімізді, қоғамдық бірлестікті таныстырдық. Топпен адам саудасының кезеңдері «Еліктіру», «Тасымалдау», «Тапсыру», «Тағайындалған орын», «Қанау» бойынша топпен жұмыс жүргізілді.
Төмендегі сұрақтар бойынша студенттер ой пікірлерімен бөлісті.
– Бұл жолға кім түсу мүмкін?
– Алданған адамдарды не күтіп тұр?
– Бұл құбылыстың алдын алу үшін не істеу керек?
Семинарда «Адам саудасынан сақтаныңыз» деген видео ролик көрсетілді және «Біз құлдықсыз өмір үшін!» буклеттері таратылып берілді. Тренинг өз мақсатын орындады, тыңдаушылар адам саудасы туралы толық мағлұмат алды.