Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

“Жастармен бірге адам саудасына қарсы”

«Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны, адам саудасы бойынша дағдарыс орталығының ұйымдастыру жұмыстары» жобасы бойынша 20 қыркүйек 2016 жылы Ақтөбе медициналық колледжінде «Адам саудасынан сақтаныңыз» тақырыбына тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты: жастарға адам саудасы туралы мағлұмат беру, Қазақстан Республикасында адам саудасы туралы нақты жағдайлар туралы, қанау түрлері және одан жәбірленушілердің алатын салдары, ізгілік пен қайырымдылық қағидаттарын қалыптастыру. Тренингке медициналық колледжінің 1 курс студенттері қатысты. Тренинг барысында топпен төмендегі сұрақтар бойынша жұмыс жүргізілді:
Құлдыққа түсіп қалмау үшін не істеу керек?

Осы отырғандарымыздың адам саудасы жағдайына түсіп қалуымыз мүмкін бе?
Шет елге оқуға барғанда, не жұмысқа барғанда адам саудасы жағдайына түсу мүмкін бе?
Егер адам құлдыққа түскен жағдайда не істеу керек?
Құлдыққа түскен адамға қалай көмектесуге болады?
Семинарда «Адам саудасынан сақтаныңыз» деген видео ролик көрсетілді және «Біз- құлдықсыз өмір үшін!» буклеттер таратылып берілді. Тренинг өз мақсатын орындады, тыңдаушылар адам саудасы туралы толық мағлұмат алды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>