Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

Отбасы – аялы алақан мекені

ҚР Президентінің Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні деп аталып өтеді. Биыл осы мереке елімізде төртінші рет аталып отыр. Отбасы күнінің негізгі мақсаты – отбасы құндылығын нығайту. Биыл, “Отбасы күні” Қазақстанда 11 қыркүйек күні аталып өтілмек. Осы мереке және Құрбан айт мерекелерінің қарсаңында «Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі «Ақтөбе облысының Ішкі саясат басқармасының» қолдауымен «Отбасы – аялы алақан мекені» қайырымдылық акциясын өткізді.

Акцияға дағдарыс орталығына заңды және психологиялық көмекке жүгінгендер, көп балалы отбасылар және мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты. Акцияға қатысқандарды Отбасы мерекесімен әйелдерді қолдау орталығының заңгері Изимбетова Р.А. құттықтап, акцияның өткізу мақсаты туралы тоқталып өтті. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі «Адам сату және отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған дағдарыс орталығын жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында өткен акцияда 28 балаға сыйлық сертификаттар-250000 тенгеге тапсырды. АОП «Сюрприз+» балаларға мерекелік бағдарлама ұйымдастырып және барлық балаларға Тұңғыш Президент атындағы саябағындағы ойын сауық кешеніне абонемент таратты. Ата-аналардың атынан Спамбетова Сандугаш, Кирнос Наталья, Шарипова Копжан сөйлеп, әйелдерді қолдау орталығына алғысын білдірді. Балалардың атынан мүмкіндігі шектеулі бала Спамбетова Айя өзінің анасы шығарған «Ана туралы» өлеңін оқып, акцияға қатысқандардың жүректерін тебірентті. «Отбасы – аялы алақан мекені» атты акцияға қатысқан балалар мен ата аналарына мерекелік көңіл күй мен қуаныш сыйлады.

Акцияға қатысқандардың ой пікірлері:

Мен, Дарибаева Сымбат, әйелдерді қолдау орталығына осыдан бір ай бұрын хабарласып, құқықтық көмек алдым. Бұл ұйымның мереке және Құрбан айт қарсаңында шақырып осындай материалдық көмек бергеніне үлкен ризашылығымды білдіремін.

Я, Кирнос Наталия Викторовна, мать Полищук Артема, благодарю за помошь и поддержку.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>