Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

«Ұлы дала Елі: мемлекеттік рәміздер кеше және бүгін»

Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ұжымымен бірлесіп «Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған іс-шараларды өткізу, азаматтарды патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмыстар ұйымдастыру» жобасы аясында 2016 жылы тамыз айының 29 жұлдызында, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының мәжіліс залында «Ұлы дала Елі: мемлекеттік рәміздер кеше және бүгін» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Аталған шараға «Чернобыль құрбандары» Ақтөбе облыстық қоғамы» ҚБ, «Рух» Ізгілік қоғамы» ҚБ, «Парасат–Ғылым» ҚБ, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының, ЖҚБ «Кеңес», Ақтөбе облысы Әділет департаменті зияткерлік меншік құқығын қорғау бөлімінен, Ғ.Жұбанов атындағы облыстық филармония, «Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы» ЗТБ, Әйелдерді қорғау орталығынан, «Алтын қазына» қоғамынан және С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасынан өкілдер қатысты.
Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының Конституциясының қазақ елінің күнделікті өмірінде атқаратын рөлі төңірегінде тартымды пікірталас болды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>