"АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ"
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІ
ОБЪЕДИНЕНИЕ ЮРИДИЧЕСКИХ ЛИЦ "АССОЦИАЦИЯ НЕПРАВИТЕЛЬСТВЕННЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі және қызметтік әдеп ережелері

18 тамыз 2016 жылы«Азаматтық бақылау» жобасын жүзеге асыру аясында «Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі және қызметтік әдеп ережелері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға мемлекеттік мекеменің басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер және академиялық қауымдастығының өкілдері қатысты.

Конференцияда  Мемлекеттік қызмет істер министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің басшысының орынбасары конференцияда  «Жаңа  заң – жаңа талап» тақырыбына Р.Т.Бисенов, «Мемлекеттік қызметтің қоғамдағы рөлі» туралы «Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы» ЗТБ президенті А.Е.Дюсенова, «Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің тиімділігі» туралы Қ.Жұбанов атындағы өңірлік  мемлекеттің университетінің аға оқытушысы, экономика магистрі К.Н.Ахметов және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптары туралы Мемлекеттік қызмет істер министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының бас маманы Л.А.Қосаева сөйледі. Баяндамашылардан соң конференцияға қатысушылар өздерінің мемлекеттік қызметтің жаңа моделі, кәсіби мемлекеттік аппарат құру туралы, жаңа этикалық ережелер туралы ой пікірлерімен бөлісті. Конференция жұмысын Мемлекеттік қызмет істер министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Ж.С.Үмбетқалиев қорытындылады. Сонымен қатар, мемлекеттік  қызметшілер  марапатталды. 

Leave a Reply

Your email address will not be published.

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>