Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

«Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ 2015 жылдың жұмыс қорытындысы

«Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі 2001 жылдан бері өз қызметін жалғастырып келеді. Қәзіргі таңға шейін тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, адам саудасын болдырмау, жапа шеккендерге көмек көрсету бағыттары бойынша  орталықта 50 ден астам жоба жүзеге асырылды.

Осы жылыда жоба мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адам саудасынан сақтаныңыз» тақырыбында алдын алу шарасымен 5 оқу  орнында  тренингтер өткізілді және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық»  жобасы бойынша психологиялық, заңгерлік көмек көрсетілді. 20 қараша Дүниежүзілік балаларды қорғау күні болып  саналады. 1-19 қараша аралығы Республикалық «Балалық шақ – зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз» акциясы және  25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында  «Әйелдерге  зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты республикалық акция болып жарияланды.

Соған орай  2015 жылы 19 қарашада  Ақтөбе қонақ үйінің конференц-залында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны, адам саудасы бойынша дағдарыс орталығының ұйымдастыру  жұмыстары»  жобасы шеңберінде Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Жанұяда зорлық-зомбылық  болмасын!» тақырыбында дөңгелек  үстелі  өтпек қорытындысы  өткізілді.

Осы дөңгелек үстелге мүдделі мемлекеттік органдарды, үкіметтік емес ұйымдарды, жұртшылықты және бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып өткізілді.

Шарада көпшілік халықты әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, алдын-алу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстыру және

адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлары мәселелеріне тоқталды. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>