Қазакстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры Алматы қаласында 2015 жылдың 14 мамырында Әлеуметтік идеялар мен жобалардың он бірінші жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңке – 2015 тақырыбы – «Ынтымағы мен бірлігі жарасқан Қазақстан».
Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің номинациясы Қазақстан республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси курсы» «Нұрлы жол – болашақ жолы» атты Қазақстан халқына жолдауларына, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық бірлігінің Доктринасына сәйкес әзірленген.
Аталмыш шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 200-ден астам ұйым қатысып, түрлі номинациялар бойынша 22 қоғамдық бірлестік жеңімпаз атанды. Тәжік-Ауған шекарасындағы жауынгерлік қимылдарға және әскери қақтығыстарға қатысушылардың «Ардагерлер одағы» Ақтөбе облыстық филиалы жеңімпаздар қатарынан табылып, осы жоба аясында 2015 жылдың 21-23 қыркүйек аралығында Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне орай Ақтөбе облысы бойынша автошеру ұйымдастырды. Бұл іс-шара Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, қала-аудан тұрғындары мен атқарушы органдар өкілдері, сонымен қатар 8-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің қатысуымен өтті. Автошеру бағыты: Шалқар – Қандыағаш – Алға – Ақтөбе – Әлия.
Бұл Елбасының ел алдында қойған мақсаттарын насихаттау және жастарымызды Отанын сүюге, патриоттық сезімге баулу жолындағы аса маңызы бар аталмыш іс-шара ретінде ұйымдастырылған болатын.