Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

Женіс күні қарсаңында

Жыл өткен сайын Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатары азайып келе жатқаны жасырын емес. Бұрын әр ауылдан, әр қаладан үлкен көшелердің бойынан кеудесіне жарқыратып орден-медалін таққан ардагерлерді жиі көруші едік. Тіпті екі үйдің бірінде «Бұл үйде соғыс ардагері тұрады» деген тақтайшалар қағулы тұратын. Уақыт өз дегенімен жүретіні рас. Сондықтан Ақтөбе облысының Үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы жыл сайын соғыс ардагерлеріне және тыл ардагерлеріне сый жасауды үрдіске айналдырып келеді. Осы жылыда дәстүрден озбай Ауған соғысы ардагерлерінің «Ер Бақыт» спорттық-патриоттық клубымен бірлесе ардагерлерге сыйлық үлестірді.

Әрине, Отан үшін от кешіп, кеудесін оққа тосқан осынау ардагерлерге қандай сый-сияпат жасаса да жарасады. Және тек Жеңіс мерекесі тұсында ғана емес, жыл бойы ұмытпай, қолдан келген қамқорлықтың бәрін жасап отыру қажет. Әрбір ардагер қамқорлықты сезінуі тиіс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>