Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

Чернобыль апатының құрбандарына тағзым

Адамзатқа орны толмас қайғы әкелген Чернобыль апатында қаза болған, өмірмен ерте қош айтысқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі мәңгі ел есінде. Отанымыздың отты рухына бөлеп, Чернобыль атом электр станциясы апатында құрбан болған жауынгерлерімізге арналған еске алу митингісі 29 сәуір 2015 жылы Чернобыль құрбандарына арналған ескерткіш-белгісінің алаңында өткізілді. Ескерткіш-белгісінің алдында Чернобыль апатына қатысқандар жиналып, құрбандарды еске алды.

Ақтөбеде  осы жылы Чернобыль апатына 29 жыл толып отыр.Чернобыль атом электрстансасындағы апатты зарарсыздандыруға Ақтөбе облысынан 2000 адам қатысқан. Олардың дені мүгедек азаматтар. Олардың айтары бәріне әркімнің өз отаны ыстық. Сондықтан мұндай опатты ешкімге тілемейміз. Барлығы аман болсын. Әлемнің әр түкпірінде тірлік, бірлік болсын. Осы өмірде біз қонақпыз дейді. Ақтөбедегі «Чернобыль апатының құрбандары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Сатовтың айтуынша, 9 мамыр жеңіс күні де Чернобыль апатына қатысушыларға арнайы шақыру тағайындалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>