Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

Ер Бақыт» спорттық-патриоттық клубының шарасы

Қазақ  хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына орай грек – рим күресінен 1999-2001 жылы туылған жасөспірімдер  арасында Ауған соғысы ардагерлерінің «Ер Бақыт» спорттық-патриоттық клубының жүлдесі үшін дәстүрлі Х Республикалық турнирі өткен болатын. Жарыс 20-22 сәуір аралығында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің спорт кешенінде өтті.

Ауған соғысы ардагерлерінің «Ер Бақыт» спорттық-патриоттық клубының президенті Марат Қойлыбаевтың айтуынша  бұл турнир Ақтөбе облысында 10 мәрте өз жалғасын тауып отыр. Мұндағы мақсат спортпен шұғылдану балалардың бойында көпшілдік, адалдық, еңбексүйгіштік, тәртіптілік, қайсарлық, табандылық тәрізді мінез-құлықтарды қалыптастырады. Турнирге шет мемлекеттерден Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей елдерінен жас спортшылар қатынасты. Жарыс соңы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттаумен аяқталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>