Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойыша департаменті Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналғансыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Елбасының жолдауын іске асыру мақсатында «Салауатты өмір салты-денсаулық кепілі, жемқорлықсыз қоғам-болашақ кепілі, жемқорлықсыз қоғам болашақ кепілі» тақырыбында ағымдағы жылдың 17 сәуірінде волейболдан спорттық шара өткізді.
Бұл шараға мемлекеттік органдар, Үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатыстырылды. Біздің тарапымыздан, яғни үкіметтік емес ұйымдар арасынан Ардагерлер одағының (Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскер қақтығыстарына қатысушылардың) республикалық қоғамдық бірлестігінің қызметкерлерімен «Қызыл ай» республикалық комитетінің мүшелері ат салысты. Біздің қызметкерлеріміз жүлделі орындардан көріне алмаса да шараның жақсы өтуіне өз ықпалдарын тигізді. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойыша департаментімен бірлескен жұмыстар әлі де өз жалғасын табатынына сеніміміз мол.
Адамзатқа орны толмас қайғы әкелген Чернобыль апатында қаза болған, өмірмен ерте қош айтысқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі мәңгі ел есінде. Отанымыздың отты рухына бөлеп, Чернобыль атом электр станциясы апатында құрбан болған жауынгерлерімізге арналған еске алу митингісі 29 сәуір 2015 жылы Чернобыль құрбандарына арналған ескерткіш-белгісінің алаңында өткізілді. Ескерткіш-белгісінің алдында Чернобыль апатына қатысқандар жиналып, құрбандарды еске алды. Ақтөбеде осы жылы Чернобыль апатына 29 жыл толып отыр.Чернобыль атом электрстансасындағы апатты зарарсыздандыруға Ақтөбе облысынан 2000 адам қатысқан.Олардың дені мүгедек азаматтар.Олардың айтары бәріне әркімнің өз отаны ыстық. Сондықтан мұндай опатты ешкімге тілемейміз. Барлығы аман болсын. Әлемнің әр түкпірінде тірлік, бірлік болсын. Осы өмірде біз қонақпыз дейді. Ақтөбедегі «Чернобыль апатының құрбандары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Сатовтың айтуынша, 9 мамыр жеңіс күні де Чернобыль апатына қатысушыларға арнайы шақыру тағайындалды.