"АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ"
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІ
ОБЪЕДИНЕНИЕ ЮРИДИЧЕСКИХ ЛИЦ "АССОЦИАЦИЯ НЕПРАВИТЕЛЬСТВЕННЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Аудандарда үйымдастырылған тренинг

8-9 қазан 2014 жылы  Ырғыз,  Әйтеке би аудандарында  Ақтөбе  облысының үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының  ұйымдастыруымен «Жастарөзелініңпатриоты» атты тренинг ұйымдастырылғанды.
Бұл іс-шараға мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдардың,  жастар ресурстық орталықтары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Ондағы мақсат – ауылдық жерде қоғамдық бірлестіктер ашуды үйрету, олардың жұмысын жандандыру.


Бұл басқосу мемлекеттік әлеуметтік  тапсырыс  шеңберінде  Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «ҮЕҰ дамыту мен нығайту мақсатында іс-шара ұйымдастыру, заң және құқық қорғау. Селолық тұрғындарға ҮЕҰ дамытуда жәрдемдесу»  жобасы бойынша жүзеге асырылды.   Шараның жоғары деңгейде өткізілуіне «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы және аудандық филиалдары да  атсалысты.
Сонымен қатар 16 қазан күні  Ғалымжан ағаның 79 жас туған күні болатын. ЗТБ « Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйым қауымдастығы» президенті А. Дюсенова  және қызметкерлері өз тараптарынан сол күні құттықтауларын жеткізіді.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>