Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

Патриоттық тәрбиеге байланысты

16 қазан күні облыстық С. Бәйішев атындағы әмбебап кітапханасында  «Патриоттық тәрбиеге байланысты 2014 жылғы әлеуметтік жобаның жүзеге асуы және нәтижесі»  туралы « Қос шынар» Әлия-Мәншүк қоғамдық бірлестігінің басшысы  Ғалымжан Байдербестің қорытынды  шарасы өткен болатын.

Патриотизм  отбасына, туып-өскен ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметтен бастау алады. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады.  Осыған  орай Ғ.Байдербес оған дейінде жастарымызға өнеге болатындай  «Жаңа қазақстандық патриотизм-мемлекеттік идеологияның темірқазығы», «Елбасының Жолдауы  қазақ елінің ұлттық идеясы», «Батыр қызымыздың асқақ рухы» тақырыбында семинарлар өткізген болатын.
Сонымен қатар 16 қазан күні  Ғалымжан ағаның 79 жас туған күні болатын. ЗТБ « Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйым қауымдастығы» президенті А. Дюсенова  және қызметкерлері өз тараптарынан сол күні құттықтауларын жеткізіді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>