Заңды тұлғалар бірлестігі Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы
Объединение юридических лиц «Ассоциация НПО Актюбинской области»

Субботник 28.04.14

Ақтөбе облысында көктемгі сенбіліктер айлығы басталды. Екі айға созылатын тазалық акциясы барысында жылдағы дәстүр бойынша аймақтың барлық елді мекендерінде көркейту, санитарлық тазалау және көгалдандыру жұмыстары қолға алынбақ. Жалпы қалалық сенбілікті Ақтөбе облысында әр көктем  сайын өткізу, жақсы дәстүрге айналған. Осы шара көлемінде барша халық бірігіп тазалық жұмысын істейді. Бірлікпен ынтымақтың нәтижесінде Ақтөбе қаласы жылдан жылға көркейіп,гүлденіп келеді.

Осы акцияны қолдау мақсатында ҮЕҰ қауымдастығының президенті А.Дүйсенованың басшылығымен және Облыстық ішкі істер саясатының қолдауымен бірнеше ұйым сенбілікке шықты. Бұл жолы тазалық акциясына 50-ге тарта адам қатысыпты.

Олардың арасында түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар. Атап айтсақ, Жастар саясаты мәселелері басқармасы,Тәжік-Ауған Ардагерлер одағы, Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығы, «Жас қуат» ЖҚБ тб. Соның ішінде ерекше Н.Құлтаевқа, Б.Сатаевқа, Г.Галиевке, А.Балқасымовқа, Ш.Қыдырғалиевке алғыс айтамыз.

А.Дүйсенова айтуынша тазалыққа мән беріп, елге бастама болсақ жастарда ертең осы ізгі бастаманың жалғасы болатынына сенімді. Ол қорытынды сөзінде жастарымызды тазалық жұмыстарына шақыра отырып, барлық қалалықтарды Жеңіс мерекесімен құттықтап, барша қалалықтарға бақыт, ашық аспан және береке-бірлік тіледі.

Бұл жолғы сенбілік негізінен қала сыртында тұрмыстық қалдықтардан арылтуға бағытталғанын айта кеткен жөн. Сенбілікке қатысушылар қажетті мөлшерде құрал-саймандармен, қоқысты жинауға арналған пакеттермен және қолғаптармен қамтамасыз етілді.

Жалпы, қаланы көріктендіру, тазалауды мақсат тұтқан сенбіліктің қорытындысы көңілден шығарлықтай болды деп айтуға толық негіз бар. Мұндай сенбіліктер алдағы уақытта да жалғасын табады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes:

<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>