Главная

"Ана ниет" қоғамдық бірлестігі құрылды.

"Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы" ЗТБ ҚР Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы"  КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында "Ақтөбе облысында "бір терезе" қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарды қолдау үшін Азаматтық орталықты ұйымдастыру және дамыту"  жобасы бойынша  Ақтөбе облысында  2020 жылдың қыркүйек айында "Ана ниет" қоғамдық бірлестігі құрылды.

Құрылтайшысы Утегенов Ислам Нурланұлы ал Утегенова Майра Сальмановна  қор директоры қызметін атқарады. Аталмыш қордың негізгі мақсаты Қазақстан қоғамында бала асырап алу мәдениетін дамыту, бала асырап алушы ата-аналарды жан-жақты дайындау болып табылады. Сонымен бірге оларға заңды және психологиялық көмек көрсетуге күш жұмсалады. Өмір салтында қиын жағдайға түскен балаларға және зорлық-зомбылық, қысымшылық көрсетілген жағдайда олардың құқықтарын қорғауға атсалысады. Балалар үйі тәрбиеленушілеріне мектеп бітіргеннен кейін барлық құқықтық сұрақтар мен олардың қоғамдағы тиісті мүдделеріне қол жеткізу үшін барлық тараптан көмек пен қолдау көрсету басты міндеттері болып табылады.

#qogamgov, #cisc2020

Айсын Байтакова

Переключение языка