Главная

Азаматтық қоғам және мемлекет серіктестігі мен дамуына 30 жыл #Birgemiz» Қазақстанның ІХ Азаматтық форумы аясындағы өңірлік конференция

2020 жыдың 12 қарашасында Ақтөбе облысы бойынша Азаматтық қоғам және мемлекет серіктестігі мен дамуына 30 жыл Қазақстанның ІХ Азаматтық форумы аясындағы өңірлік онлайн конференциясы өтті.

Үкіметтік емес ұйымдар өзінің міндеттерімен қатар мемлекетіміздің дамуы үшін де үлкен үлес қосып, қоғамдағы кең ауқымды мәселелерді шешуге себепкер болуда.

Бүгінде өңірде әр түрлі бағытта тұрақты жұмысын жүргізіп отырған үкіметтік емес ұйымдар қалыптасты.

«Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдары ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Дюсенова Айгүл Егізбайқызының ұйымдастырылуымен өткен «Азаматтық қоғам және мемлекет серіктестігі мен дамуына 30 жыл #Birgemiz» Қазақстанның ІХ Азаматтық форумы аясындағы өңірлік конференциясына Ақтөбе облысы әкімнің орынбасары Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы, Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Нұрғазиева Бану Ғаниқызы конференцияның ашылу салтанатымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Купенов Айбек Мұратқалиұлы «Ақтөбе облысындағы мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара әріптестігі» тақырыбында өзінің баяндамасын баяндады.

Шалқар ауданының жас белсендісі Абжанов Нұрсұлтан «Ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды дамыту» тақырыбында өзінің баяндамасына тоқталып, ой-пікірін, алғысын білдірді.

«Смеда» шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту агентігі қоғамдық қорының құрылтайшысы Мырхин Абай Исламұлы «Ашық бюджет» жобасының және жергілікті өзін-өзі басқарудың жүзеге асырылуы» жайында өзінің презентациясын ұсынды.

«Сенім-Тірек» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Кундолов Теміржан Бекқалиұлы «Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік мәселелерді шешудегі рөлі» тақырыбында өзінің пікірін білдірген болатын.

2020 жылдың 12 қарашасында Ақтөбе облысы бойынша Азаматтық қоғам және мемлекет серіктестігі мен дамуына 30 жыл Қазақстанның ІХ Азаматтық форумы аясындағы өңірлік конференция қатысушылары Ақтөбе облысындағы азаматтық қоғамның дамуы мен жағдайының өзекті мәлеселерін талқылай келе, келесідей үндеу жолдады:

1.Үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің ықпалдастығының серпінді дамуына жаңа күш беретін, азаматтық қоғаммен бірлескен ынтымақтастықтың маңызын мойындау.

2.Азаматтық қоғамды одан әрі нығайтуға және ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру концепциясын іске асыруда қолайлы жағдайлар жасау.

3.Ақтөбе қаласы мен аудандардың үкіметтік емес ұйымдары мен азаматтық қоғамға қолдау көрсететін азаматтық бастамаларды қолдау ресурстық орталығын құру туралы мәселені қарастыру.

 

logooblkonf

Переключение языка