Главная

Ақтөбе облысындағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру жобасы қорытындыланды.

5 қараша күні “Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы” ЗТБ ҚР Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылған “Ақтөбе облысындағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру” жобасы негізінде қорытынды іс-шара өтті.

Жоба барысында  грантты иеленген жеңімпаздар қазіргі таңда атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады. Ең алғашқы сөз кезегін алған «Ақтөбе облысының ауылдық ҮЕҰ  Ассоциациясы» ЗТБ Президенті А.Е. Дюсенова барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Байғанин ауданы бойынша «Таза ауыл» жобасы негізінде Жалелова Бақыт атқарылған жұмыстар бойынша бейнеролик көрсетті. Бүгінде ауыл халқы бұл жұмысқа шын риза екенін білдірген. «Салауатты өмір салтын қалыптастыру-денсаулық кепілі» жобасы аясында Абжанов Нұрсұлтан туған өлкеге спорттық бұйымдар алып, ауыл жастарын ерекше қуантқан. Ауыл жастары мен балаларға спортпен айналысуға мол мүмкіндік берген бұл жоба ары қарай өз жұмысын жалғастырып, ауыл тұрғындарын қуантатынына сенімдіміз. Сөз соңында грант иегерлері жоба ұсынушыларға ерекше алғыс білдірді.

Переключение языка