Главная

Иппотерапия жобасы тұрғындарға жол тартты.

“Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы” ЗТБ ҚР Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен

“Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылған “Ақтөбе облысындағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру” жобасы негізінде Хромтау ауданында “Асыл Ордам-Хромтау” қоғамдық бірлестігі “Иппотерапия” жобасы бойынша қатысып , грантты жеңіп алды.Аталмыш бірлестік осы уақыт аралығында мүмкіндігі шектеулі балаларға және олардың ата-аналарына көмек көрсетіп келеді.   Енді таяуда жоба өз жұмысын бастады. Қоғамдық бірлестіктің жетекшісі Иманкулова Шынардың айтуынша ауыл тұрғындары балаларын әкелуде. Иппотерапияның пайдасы баланың беломыртқасына, бұлшықеттердің қатаюына пайдасын тигізеді және таза ауада ат үстінде отыру балалардың мидағы қан айналымына да көмегін тигізеді. Ата-аналардың айтуынша әрбір бала осы жобаға ерекше ықыласпен келеді екен. Аптасына екі-үш рет өтетін ем шаралары ауыл тұрғындарына қуаныш сыйлауда. Бүгінде ем алу шараларына “Дөң” ауылы бойынша барлығы 15 шақты бала қатысуда.

#qogamgovkz #cisc2020

Переключение языка