Главная

Мұғалжар ауданында үш жоба ашылды

“Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы” ЗТБ ҚР Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылған  

“Ақтөбе облысындағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру” жобасы негізінде Мұғалжар ауданында үш жоба іске қосылды. Атап айтсақ, “Адал-қызмет, Полиглот және Жас медиа” жобалары ауыл тұрғындарына жол тартты. Бүгінде “Полиглот” жобасы бойынша барлығы 20 шақты оқушы білім алуда. Кабинеттер оқуға ыңғайлы құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Дәріс беруші мамандар сол өңірдің еріктілері Мақсатова Ботагөз Төлегенқызы- ағылшын тілінен, Сатарова Светлана Утарбаевна -орыс тілінен және Бердыбаева Ляззат Ертлесқызы латын графикасынан береді. Ал “Жас медиа” жобасын қолға алған бастамашыл топ өкілі Бердыбаева Ляззат Ертлесқызы жобаның ащылу салтанатын жасап, жұмыстарын бастап кетті. Жобаның мақсаты -халықтың әлеуметтік желідегі белсенділігін арттыру. Шығармашыл жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, халық пен билік ортасында көпір болу. Бүгінде жұмыс жасап жатыр. Студияда қажетті жабдырмен толық қамтылған.

Келесі жоба Саға ауылының тұрғыны Жылқыбаева Амина Артыккалықызы бастамашыл топты бастап, құрамында көпбалалы ана Қошаханова Гүлфайруз Ұзақбайқызы және Сайғон Меруерт Асылбекқызы “Адал-Қызмет” үй жағдайындағы тігін шеберхана жобасын жазып, жеңімпаз атанған болатын. Бүгінде жоба өз жұмысын бастады. Ауыл тұрғындарына соның ішінде бала күтіміне байланысты демалыста отырған қыз-келіншектерге тігін саласы бойынша үйретіп, шеберлік сағаттар өткізіп, тігін кәсібін дөңгелету негізгі мақсатымыз дейді жоба жетекшісі-Амина Артыккалықызы. Қазіргі таңда жобаның жүзеге асуына тігін машиналары мен фурнитура сынды құралдар толық алынды. Ауыл тұрғындары аталмыш жобаға қызығушылық танытып, бірге жұмыс жасауға ниет білдірді.

#qogamgov. #cisc2020

Переключение языка