Главная

«АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ АУЫЛДЫҚ ҮЕҰ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ» ЖОБАСЫ.

«Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы» ЗТБ ҚР Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының «Ақтөбе облысындағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» жобасы аясында бірқатар жұмыстар жасалды.

Жоба барысында Ақтөбе облысы бойынша 12 ауданнан барлығы 240 сауалнама жиналды. Уәкілетті мемлекеттік органдарға қорытынды аналитикалық есеп дайындалды . Ауылдық ҮЕҰ-ға олардың әлеуетін арттыру мәселесі бойынша 3 оқыту семинарлары өткізілді. Оқыту семинарына барлығы 80 адам қатысты. Олардың ішінде ҮЕҰ және бастамашыл топ өкілдері қатысты. Оқыту семинарының мақсаты ауылдық ҮЕҰ яғни олардың әлеуетін жақсартуға үйрету. Атап айтсақ: ҮЕҰ құру, жобаларды басқару, әлеуметтік жұмыс дағдылары және жазбаша өтінімдер т,б. туралы болды. Жоба барысында байқаудың ережесі жасалып, барлығы 19 адам қатысып, оның ішінде 10 жеңімпаз 500000 тенге грантқа ие болды. Жобалардың ішінде ауыл тазалығы мен экологиясы, өңірлерді ақпараттармен жедел қамту мақсатында және жастардың шығармашылығын дамыту барысында телеарна ашу, ауыл тұрғындарын заманауи техникаларды меңгеруге бағыттау сынды жобалар жазылған . Қазіргі таңда грант иегерлері ереже талаптарына сай жұмыстарын жасап жатыр.

Ал жоба барысында толық ақпараттар тамыз айы бойынша барлығы 42 мақала сайт беттерінен және әлеуметтік желілерден, БАҚ жарық көрді.Сонымен бірге жергілікті блогерлер жобаның жан-жақты ақпараттармен қамтылуына үлестерін қосуда.

Переключение языка