Главная

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА «БІР ТЕРЕЗЕ» ҚАҒИДАТЫ БОЙЫНША ҮЕҰ-ДЫ ҚОЛДАУДЫҢ АЗАМАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОБАСЫ.

Ақтөбе облысында «бір терезе» қағидаты бойынша ҮЕҰ-ды қолдаудың Азаматтық орталығын ұйымдастыру және дамыту жобасы бойынша көптеген жұмыстар атқарылып келеді.

Соның ішінде ақпаратты базаға жіберуде 32 үкіметтік емес ұйымға көмек көрсетілсе және 2 үкіметтік емес ұйымның таратылуына көмектесті. 10 әлеуметтік жоба мен әлеуметтік бастамалардан тұратын жиынтық құжат дайындалды.

Жыл басынан бері барлығы 218 адамға кеңестер беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шілде айында әлеуметтік кәсіпкерлік туралы 22 ҮЕҰ өкілдеріне ZOOM платформасы арқылы тренерлер Эмин Аскеров пен Медер Алматов дәріс оқыды.

«ҮЕҰ-адамдар үшін» диалог алаңы әр аптаның сәрсенбі күні түрлі әлеуметтік бағыттағы үкіметтік емес ұйымдар мен еріктілер қозғалысы мүшелерінің және қайырымдылық шараларын ұйымдастыратын арнайы өкілдердің қатысуымен өткізіліп келеді. Аталмыш кездесуде спикерлер өз бастамалары туралы және кейбір атқарылған жұмыстар барысында кездесетін проблемалар туралы баяндайды.

Бір күндік режимде ҮЕҰ мектебінде оқуды ұйымдастыру барысында үш семинарда 69 адам оқытылды. Олар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс конкурсына қатысу үшін «Жобалар жазу» және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы КЕАҚ грантын алуға арналған « Жобалар жазу », халықаралық гранттар конкурсына қатысу үшін «Жобалар жазу» туралы болды. Жобалардың жүзеге асуы барысында барлық ақпараттар қаңтар айынан тамыз айларына дейін 129 мақала ҮЕҰ сайтында, әлеуметтік желілерде және БАҚ жарияланып келеді.

Переключение языка