Главная

«БАЙҒАНИН АУДАНЫ БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ АТ СПОРТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ФЕДЕРАЦИЯСЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ

«Байғанин ауданы бойынша Ұлттық ат спорт түрлері бойынша федерациясы» қоғамдық бірлестігі 2019 жылдың 30 қыркүйегінде құрылды.

Бұл федерацияның мақсаты аудан өңірінде ат спортын дамыту болып табылады. Аталмыш федерацияның жетекшісі Бақдәулет Медет Ғайнуллаұлының айтуы бойынша жастарды ат спортына баулып, оның негізгі ережелерін үйретіп, жарыстарға қатыстыру дейді. Аз уақыттың ішінде аудан өңірлерінде жарыстар өткізіп, ауыл жастарынының ат спортына деген қызығушылықтарын оятты. Сонымен бірге республикалық турнирлерге де белсене атсалысып келеді. 2019 жылы аудандық жастар ресурстық орталығынан «Үздік жас-2019» атағын және ҚР ұлттық спорт түрлерінің V фестивалінде III-орынды қанжығаларына байлады. Бақдәулет Медет 2019 жылдың 24 желтоқсанында спорт шеберіне кандидат дәрежесі берілсе, ауданның палуаны Халел Рамазанға да «ҚР спорт шебері» дәрежесі берілді.

Бақдәулет Медет ҒайнуллаұлыАқтөбе облысындағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» жобасына «Аманат» ат спорт түрлерін насихаттау жобасы бойынша қатысты. ҮЕҰ деректер базасында болмағандықтан аталмыш жобада грантты жеңу мүмкіндігі болмады. Алдағы уақытта «Байғанин ауданы бойынша Ұлттық ат спорт түрлері бойынша федерациясы» қоғамдық бірлестігіне сәттілік тілейміз.

Переключение языка