Главная

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК - ЖАҢА ТРЕНД.

7-13 шілде аралығында
Қазақстан Республикасының Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАО гранты шеңберінде «Ақтөбе облысында «бір терезе» қағидаты бойынша  үкіметтік емес ұйымдарды қолдау үшін Азаматтық орталықты ұйымдастыру және дамыту» жобасы бойынша   онлайн жүйесінде оқыту вебинары өтті.
Вебинар ҮЕҰ өкілдеріне әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту және  олардың әлеуетін арттыру  үшін өткізілді. Бұл вебинарды әлеуметтік кәсіпкер Эмин Аскеров пен Медер Алматов жүргізді.
Вебинар барысында бизнес-жоспардың жазылуы, сату, клиенттермен қарым-қатынас орнату және  әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін барлық тәжірибелік  құралдар мен құнды ақпараттар берілді. Вебинар барысында қатысушылар өздерін  қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар қатысушыларға вебинар соңында сертификаттар табысталды.

Переключение языка