Главная

БОКСШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Ақтөбелік балғындар - чемпион. Жерлестеріміз Қызылорда қаласында өткен бокстан ел чемпионатынан жүлдемен оралды.

Жарыс 20-25 қараша аралығында ұйымдастырылған.  Қазақстан, Өзбекстан мен Қырғызстан республикаларынан барлығы 200 - ге жуық спортшы қатысты. Ақтөбеліктер топ жарып, жалпы командалық есеп бойынша үшінші орынды иеленді. Қоржында - 4 алтын, 9 күміс пен 5 қола медаль. Ел намысын қорғаған 27 былғары қолғап шеберінің 14-і қыз. Үздіксіз дайындығы мен шеберлігін көрсетіп, жеңімпаз атанған жерлестеріміз енді ел намысын халықаралық жарыстарда қорғамақ. Алда қарқынды дайындық тұр.

c5c0b0d6502bca8aeafcd3e1ef37155b

.

Переключение языка