Главная

Құқықтық мәселелер талқыланды

ҮЕҰ қолдау Азаматтық орталығының қоғамдық қабылдауында Батыс Қазақстан медиация және келіссөздер процесі Орталығының кәсіби медиаторы Ләйлә Құрманбекова қабылдау жүргізді.

Келушілер өздерін толғандыратын құқықтық мәселелер төңіренде сұрақ қойды. Бірі алимент туралы білгісі келсе, екіншісі медиация жөнінде ақпарат сұрады. Нақтырақ айтсақ, медиация деген не, ол не үшін керек, біздің елімізде қай уақыттан бері, қай деңгейде жұмыс істеп жатыр деген секілді сұрақтар қойылды.

Ләйлә Құрманбекованың айтуынша, медиация (ағылшын mediation - делдалдық) мағынасы бойынша мүдделі емес үшінші жақтың екі тараптың арасындағы дауды шешуге бағытталған қызметін білдіреді.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Судьялар одағының V съезінде сот тәртібімен қаралуға жататын дау-дамайларды азайту мәселесіне назар аударуды, соттан тыс реттеудің баламалы тетіктерін, соның ішінде бітімгершілік және медиация процедураларын енгізуді тапсырған болатын. Осыған орай, 2011 жылдың 28 қаңтарында ҚР-ның «Медиация» туралы Заңы қабылданды. Аталған Заңға сәйкес Қазақстанда дауларды баламалы шешудің жаңа түрі – медиация енгізілді. Медиация – өзара қолайлы шешімге келу мақсатында медиатордың бейтарап жақ көмегімен тараптар арасында дауды (шиеленісті) реттеу тәртібі. Елімізде медиация сотқа дейінгі тәртіпте және азаматтық, еңбек, отбасы, басқа кұқықтық қатынастардан туындайтын дауларда, жеңіл және орташа ауыр қылмыс туралы істер бойынша қылмыстық іс барысында қарастырылатын дауларда қолданылады», — дейді Ләйлә Құрманбекова.

Айта кетейік, 15-қарашаға дейін Прохоров көшесі, 11 үй мекен-жайы бойынша орналасқан ҮЕҰ қолдау Азаматтық орталығына келіп, кәсіби медиатормен кездесуге болады.

«Ақтөбе облысында бір терезе қағидаты бойынша Үкіметтік емес ұйымдарды қолдау Азаматтық орталығы» жобасын «Ақтөбе облысының ҮЕҰ Қауымдастығы» ЗТБ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің қолдауымен мемлекеттік грант аясында жүзеге асырып отыр.
#CISCGRANTS2019
#qogamgovkz

Free Joomla Lightbox Gallery

Переключение языка