Главная

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ БАҒЫ МЕН БАБЫ СЫНАЛҒАН КҮН

«Ақтөбе облыстық Үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің құрылғанына 10 жыл толуына орай жобалар мен идеялар жәрмеңкесі аясында  бокстан қыздар және жасөспірімдер арасында ашық біріншілік өтті.
Аула клубы қоғамдық бірлестігінің ұйтқы болуымен өткізілген спорттық додада 30, 44, 52, 54 келі салмақта қыздар мен жасөспірімдер бағы мен бабын сынады.


— Үкіметтік емес ұйымдардың 10 жылдығына орай жас спортшыларға қолдау білдіргіміз келді. Жастар — біздің болашағымыз. Жастар мәселесі еш уақытта қоғам назарынан тыс қалған емес. Ел Президенті өз жолдауында қоғамда бұқаралық спортты дамыту қажеттігін айтқан болатын. Азаматтық қоғам Президенттің осы тапсырмасы аясында жасөспірімдерді спортқа тарту, тек жастар ғана емес, барша тұрғындарды спортқа, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады, — дейді ҮЕҰ Қауымдастығының жетекшісі Айгүл Дюсенова.
«Ақтөбе облысының аула клубтары» қоғамдық бірлестігінің басшысы Ерәділ Үббіниязовтің ұйқты болуымен ашылған «Бейбарс» спорт клубында балалар бес жастан бастап спортпен айналысады. Қоғамдық бірлестік мақсаты — өңірдегі барлық аула клубтарының басын қосып, бірлесе жұмыс істеу. Бүгінде осы клубқа келетін болашақ чемпиондар спорттың бірнеше түрімен айналысады.
— Ерәділдің өзі спортшылар отбасында дүниеге келген. Сондықтан да болар, әр баланың бойындағы қабілетті жазбай тани алады, әр баланың ертеңіне үмітпен қарайды. Ерекше күтімді қажет ететін балалар клубқа еркін келіп, спорт түрлерімен тегін айналыса алады, — дейді Айгүл Дюсенова. 
Барлығы 40 кішкентай спортшы қатысқан турнирде 10 үздік анықталды. Жеңімпаздар мен қатысушыларға үкіметтік емес ұйымдар атынан бағалы сыйлықтар мен Алғыс хаттар тапсырылды. Спорт додасы жоғары деңгейде өтті.IMG 20190929 WA0087IMG 20190929 WA0088IMG 20190929 WA0089IMG 20190929 WA0090IMG 20190929 WA0091IMG 20190929 WA0092IMG 20190929 WA0094

 

Переключение языка