Вебинар Заполнение формы Базы данных НПО в РК

Обзор последних изменений в НПА, регулирующих деятельность НПО

Ақтөбе облысының прокуратурасы және «Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы» ЗТБ ынтымақтастық туралы Меморандум жасасты.

Осы Меморандумның мақсаттары – әлеуметтік-экономикалық саладағы күрделі мәселелерді шешуге, қоғамдық құқық бұзушылықтарға «нольдік төзімділікті» қамтамасыз етуге, жұртшылықтың прокуратура органдарымен өзара іс-қимылын күшейтуге бағытталған жобаларды бірлесіп әзірлеу және іске асыру болып табылады.

Тараптар құзыреттілігі шегінде келесідей принциптер бойынша өзара ынтымақтастықты жүзеге асыруға ниетті:

  • ҮЕҰ қауымдастығы жүзеге асырады:
    • оның құрамына кіретін мекемелердің іс барысында кездесетін жүйелі күрделі мәселелер бойынша ұсыныстарын жинақтау және мәлімет;
    • жинақталған материалдарды өңдеу және Ақтөбе облысы прокуратурасына ұсыну, материалдарды бірлесіп қарауға және толықтырып өңдеуге қатысу;
    • прокуратура қызметкерлерінің Ассоциация құрамына кіретін мекемелермен кездесуін ұйымдастыру және өткізу;
  • Ақтөбе облысының прокуратурасы:
    • ҮЕҰ қауымдастығынан келіп түсетін ұсыныстарды зерделеуді және қарауды жүзеге асырады, қажеттіліг бойынша тиісті іс-шараларға бастамашылық жасайды;
    • ҮЕҰ қауымдастығына бастамаларды қарау нәтижелері туралы мәлімдейді.

Тараптар Меморандум шарттарының тиісі деңгейде іске асырылуы үшін, келесідейлерді өз міндеттеріне алады:

  • ҮЕҰ қауымдастығы:
    • облыстық үкіметтік емес ұйымдарына облыс прокуратурасымен бірлескен жұмысты бастамалау мүмкіндігі туралы хабарлайды;
    • оның құрамына кіретін барлық қоғамдық ұйымдардың қызметкерлеріне жасалған Меморандум мен оның мазмұны туралы мәлімдемені жеткізеді;
  • Ақтөбе облысының прокуратурасы:
    • тұрғындарды түрліше тәсілдермен ҮЕҰ қауымдастығы арқылы бірлескен жұмысты бастамалау мүмкіндігі бар екені туралы ақпараттандыруды қамтамасыз етеді;
    • аудандардың прокурорларына жасалған Меморандум мен оның мазмұны туралы мәлімдемені жеткізеді.

 


Фотогалерея