Вебинар Заполнение формы Базы данных НПО в РК

Обзор последних изменений в НПА, регулирующих деятельность НПО

«Жаңа әліпби – ұлы дәуір бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

Бүгін С.Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасының ұжымымен «Ақтөбе облысының Үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы» ЗТБ бірлесіп, Қазақ елінің латын әліпбиіне көшуіне арналған «Жаңа әліпби – ұлы дәуір бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Жиынға – өңірге танымал ғалым , философия ғылымдарының докторы Алтай Тайжанов, «Үш таған» журналының бас редакторы Бақыт Жаншаева, «Ақтөбе облысының Үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы» ЗТБ президенті Айгүл Дүйсенова, «Парасат – Ғылым» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Көшкінбай Ахметов, Ақтөбе облысының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары – Қыдырғали Ермұқан, тілдерді оқыту орталығының маманы Гүлайым Аяпова, «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе қалалық филлиалының консультанты Мұратбек Ержақыпов, ішкі саясат басқармасының мамандары, А.Жұбанов атындағы музыкалық колледж студенттері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және Гүлжайнар Қалдина бастаған С.Жиенбаев атындағы кітапхана ұжымы қатысты.

Жиынға қатысушылар латын әліпбиіне көшудің себептері неде? Латын әліпбиінің қандай тиімді жақтары бар? – деген сұрақтарды талқылаумен қатар өздерінің түйген ой-пікірлерін ортаға салды.

С.Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасының ұжымы «Латын әліпбиі – өркениет кілті» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, «Латын әліпбиі – тарихи таңдау» атты слайдтар көрсетті. А.Жұбанов атындағы музыкалық колледждің студенттері патриоттық әндер орындады.

 


Фотогалерея