"Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы" ЗТБ ҚР

           "Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы" ЗТБ ҚР Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында «Ақтөбе облысында "бір терезе" қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарды қолдау үшін «Азаматтық орталықты ұйымдастыру және дамыту» жобасы бойынша көптеген жұмыстар атқарылды.

Атап айтсақ, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыруға бағытталған яғни 2020 жылы үкіметтік емес ұйымдарға консультациялар беру, жазғы мектептер, диалог алаңдарын өткізу, техникалық және ұйымдастырушылық қолдау көрсету т.б жүргізілді.

             Азаматтық орталық жұмыс істеген кезде ҮЕҰ-ның 307 өкілі әр түрлі көмекке жүгінді, оның ішінде 18 -і техникалық көмек алса, 31-і мәліметтер базасына ақпарат жіберді, 28-і іс-шаралар өткізуге көмек алса, 34-і ҮЕҰ құру бойынша , ал 4-і жою туралы кеңестер алды. Бір күндік режимде ҮЕҰ мектебінде оқуды ұйымдастыру барысында үш семинарда 69 адам оқытылды. Олар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс конкурсына қатысу үшін «Жобалар жазу» және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы КЕАҚ грантын алуға арналған және халықаралық гранттар конкурсына қатысу үшін «Жобалар жазу» туралы болды. 26 адамның қатысуымен «ҮЕҰ-адамдар үшін» диалог алаңы әр аптаның сәрсенбі күні өткізіліп келді.Аталмыш кездесуде спикерлер өз бастамалары туралы және кейбір атқарылған жұмыстар барысында кездесетін проблемалар туралы баяндалды.

ҮЕҰ галереясы жобасы аясында @npoaktobe парақшасында ҮЕҰ өкілдерінің атқарып жатқан жұмыстары туралы жария етіліп келеді.

Атап айтар болсақ: ауған соғысының ардагері Гумер Галеевтің «Боевое братство участников локальных войн» қоғамдық бірлестігі 2010 жылы құрылған. Мақсаты жастарды әскери-патриоттыққа баулу және ауған соғысына қатысқан жандардың отбасына көмек қолын созу сияқты істермен айналысады. Ал Байғанин ауданы бойынша «Ұлттық ат спорт түрлері федерациясы» негізгі мақсаты өңірдегі ат спортын насихаттап және жастарды осы спортқа тарту болып табылады. Осы уақыт аралығында аудан өңірлерінде және республикалық жарыстарға қатысып жүлделі орындарды иеленген. Еріктілер топтары да еліміздегі болып жатқан жағдай яғни ковид19 індеті кезінде жұмыла жүріп көмек қолдарын соза білді.

Ақпараттық қамту барысында Сайт НПО ,www.npoaktobe.kz Инстаграм

@npoaktobe, Фейсбук «Ассоциация НПО Актюбинской области»

және ұйым веб-сайттарындағы 72 жарияланым болды.

Айта кету керек, жоба көптеген ҮЕҰ-дарды құруда қажетті ресурстық қолдауды алуға мүмкіндік берді . Мысалы әдістемелік көмек, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды, мемлекеттік гранттар мен марапаттарды орындау бойынша байқауға қатысу туралы кеңестермен толық қамтылды.

ҮЕҰ-дан басқа, мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының 27 өкілі ҮЕҰ туралы мәліметтер базасын алу, ҮЕҰ-ны бірлескен жұмысқа тарту, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарын жаңалықтар бағдарламалары мен эфирлеріне қатысу үшін кеңес сұрады.

Азаматтық орталықтың жұмысы туралы ҮЕҰ басшыларының кері байланысы осындай жұмыс форматының өзектілігі мен тиімділігін көрсетеді.

Статистика

Переключение языка