«АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ АУЫЛДЫҚ ҮЕҰ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ» ЖОБАСЫ.

Үстіміздегі жылдың 20 шілдесінде    "Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы» ЗТБ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының «Ақтөбе облысындағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» жобасы бойынша байқау өтті.

                Байқауға ауыл-аймақтардан барлығы 18 үміткер қатысты. Аталмыш жоба бойынша ауылды дамыту мен көркейту үшін қолжетімділікті көздеген біршама жобалар конкурстық комиссияның қазылар алқасының көңілінен шықты. Талап бойынша қатысушы 18 үміткердің 10 жобасы шағын грант яғни 500 000 тенгені ұтып алады. Жобалардың ішінде ауыл тазалығы мен экологиясы, өңірді ақпараттармен жедел қамту мақсатында және жастардың шығармашылығын дамыту барысында телеарна ашу, ауыл тұрғындарын заманауи техникаларды меңгеруге бағыттау сынды жобалар жазылған.

                Барлық жобаларға төрелік етіп, олардың ішінде 10 жобаны таңдауға тікелей мұрындық болған қазылар алқасы қаламыздағы қоғам белсенділері мен танымал блогерлер еді. Олар Мырхин Абай Исламұлы - бизнес кеңесші, Голотина Екатерина – ANTICOVID-19 еріктілер тобының негізін қалаушы, Суюндыкова Дания –Облыстық филармония әртісі және медиа тұлға, Такауев Асхат –zello_aktobe парақшасының белгілі блогері және Сариев Аслан - азаматтық бастамаларды қолдау орталығы КЕАҚ өкілі.
Қазылар алқасы барлық жобаларды тиянақты қарап және оң баға берді. Тұрғындардың ауыл өңірін дамытуға үлес қосуына, жобаның нақты және ұтымды жазылуына, парасаттылық пен негізділікке сүйену, болашақта жобаның дәйектілігі мен өміршеңдігіне ерекше назар аударды.

Переключение языка