АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛДЫҚ ҮЕҰ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ»

«Ақтөбе облысының ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру»тақырыбында вебинар өтті. Вебинардың мақсаты ауылдық ҮЕҰ мен бастамашыл топтардың әлеуметтік саласында жұмыс істеу дағдыларын арттыру, тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін әлеуметтік жобаларды іске асыруда жоба жазу туралы түсінік беру болатын.

Вебинар соңында қатысушылар төмендегі 3 бағыт бойынша тиісті мақсаттарға жете алды:

Вебинар кезінде жеке және кәсіби білімі мен дағдыларын қалыптастыру. Қолданбалы құралдарды қолдана отырып, жоба өткізудің теориялық және практикалық дағдыларын игеру және қолданбалы дағдылар мен біліктіліктерді меңгерді. Жобаны әзірлеуге түсінік алды, жалпы білім-біліктерін толықтырды.

Тренер Сражова Гульмирам жобаға қатысудың тәртібі мен жолдарын жете түсіндірді. Өтінім берудегі ескеретін жәйттар мен толтыру тәртібіне аса назар аудару қажеттігін тілге тиек етті. Қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Жалпы аталмыш жобаға қатысқысы келетіндер көп болды.  Вебинар соңында қатысушылар кері байланыс мақсатында сұрақтарға жауап берді. 

Переключение языка