ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ТІЗІЛІМІ

Құрметті үкіметтік емес ұйымдар өкілдері!

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қоғамның өзекті әлеуметтік жобалар тізіліміне енгізу мақсатында үкіметтік емес ұйымдардың (бұдан әрі-ҮЕҰ) өтінімдерін жинау үрдісін жариялайды.

Қоғамның әлеуметтік жобалар тізілімін жүргізудің негізгі мақсаты ҮЕҰ әлеуметтік жобаларын іске асыру үшін донорлық қаражат тарту арқылы азаматтық бастамаларды қаржыландыру мен қолдауды әртараптандыру болып табылады.

Әлеуметтік жобаларды жинау «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 36 Заңының 5-бабының 1-тармағында көзделген бағыттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Өтінімді әлеуметтік жобалар тізіліміне енгізу үшін келесі құжаттарды karimovaai@cisc.kz және jakupova@cisc.kz электрондық пошта мекенжайларына жіберу қажет:

  1. MS WORD форматындағы белгіленген нысанға сәйкес толтырылған өтінім;
  2. PDF форматындағы бірыңғай құжатта ҮЕҰ мөрлері мен басшыларының қолдары қойылған өтінімнің сканерленген нұсқасы;
  3. Ұсынылатын әлеуметтік жоба туралы презентация (5-10 слайд);
  4. ҮЕҰ мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
  5. ҮЕҰ-да салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы анықтаманың көшірмесі;
  6. ҮЕҰ деректер базасына ұйым туралы мәліметтердің бар болуы және уақтылы берілуі туралы ақпарат.

Өтінімдер 2020 жылдың 17 шілде күні сағат 18: 00-ге дейін қабылданады.

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 (7172) 22 12 44, 8 (7172) 22 12 24.

Переключение языка