НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ШАҒЫН ГРАНТТАР БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНАДЫ!

Құрметті Ақтөбе облысының ауылдық ҮЕҰ және бастамашыл топтарының өкілдері!

«Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы» ЗТБ ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының «Ақтөбе облысындағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» гранттық жобасының шеңберінде шағын гранттар байқау туралы жариялайды.

      

Байқау бастамашыл топтар, ауылдық жерлерде тұрақты, бәсекеге қабілетті ҮЕҰ өкілдерінің әлеуетін арттыру мақсатында жүзеге асырылады.

Байқау аясында Ақтөбе облысындағы ауылдық жерлердегі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін 500 000 (бес жүз мың) теңге көлемінде шағын гранттар алатын 10 жеңімпаз анықталады.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2020 жылғы 20 шілде; Өтінімдерді №1 қосымшасына сәйкес «Ауыл ҮЕҰ 2020» деп белгісімен gak.aktobe@gmail.com электрондық мекен-жайына жіберу керек.

Іріктеу нәтижелері ұйымдастырушылардың www.npoaktobe.kzресми сайтында жарияланады.

Байқауды ұйымдастырушы: «Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы» ЗТБ

Мекен-жайы: Ақтөбе қ.,Прохоров к., 11. Тел: 8 7132 24 40 70.

e-mail: gak.aktobe@gmail.com

Жоба басшысы: Дюсенова Айгуль

                             Тел: +7 701 494 44 54

Жобаның үйлестірушісі: Кенжибекова Салтанат

                             Тел: +7 701 668 48 78

Жобаның менеджері: Орынбасарова Ардак

                             Тел: +7 775 160 58 23

«Ақтобе облысының ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» гранттық жобалары шеңберінде шағын гранттар конкурсын өткізу туралы

 

ЕРЕЖЕ

 

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы Ереже конкурс өткізілетін тиісті аймақтағы (облыстағы) ауылдық жерлердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, өзекті мәселелерін шешуге бағытталған ауылдық ҮЕҰ мен ауылдық бастамашыл топтардың әлеуметтік жобаларын іске асыру үшін шағын гранттар бөлу конкурсын (бұдан әрі-Конкурс) өткізу тәртібін айқындайды.

Конкурс аясында 10 жеңімпаз анықталады, олар тиісті өңірде әлеуметтік жобаларды іске асыруға 500 000 (бес жүз мың) теңге көлемінде шағын гранттар алады.

1.2. Конкурс Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Ақтобе облысының ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру»ауылдық ҮЕҰ, бастамашыл топтар өкілдерінің әлеуетін арттыру, ауылдық жерлерде тұрақты, бәсекеге қабілетті ҮЕҰ дамыту мақсатында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында өткізіледі.

1.3. Ережеде мынадай түсінік аппараты пайдаланылады:

Ұйымдастырушы – конкурсты ұйымдастыру мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйым;

Өтініш беруші-конкурсқа қатысуға өтінім берген бастамашыл топтар, Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдары;

Грант беруші-конкурсты ұйымдастырушы;

Грант алушы-грант алған конкурстың жеңімпазы.

 

2. КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

2.1. Конкурс мақсаты:

Әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы ауылдық ҮЕҰ мен бастамашыл топтардың әлеуметтік саласында жұмыс істеу дағдыларын арттыру, тұрақтылықты қамтамасыз ету.

2.2. Конкурс міндеттері:

- ауылдық ҮЕҰ мен бастамашыл топтардың қызметін насихаттау;

- ауылдық жерлердің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған жобаларды іске асыру;

- әлеуметтік жобаларды іске асыру саласында ауылдық ҮЕҰ мен бастамашыл топтардың кәсіби және жеке дамуына жәрдемдесу;

- ауылдық жерлерді дамыту бойынша әлеуметтік жобаларды қолдау құралдарының қолжетімділігін кеңейту;

- ауылдық жерлердің проблемаларын шешуге жергілікті қоғамдастықты тарту.

 

  1. 3.КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

 

  1. 1.Шағын-гранттар конкурсына қатысуға тиісті өңірдің ауылдық үкіметтік емес ұйымдары, ауылдық бастамашыл топтарына қатысуға жол беріледі.

3.2. Өтінім берген жағдайда конкурсқа қатысатын үкіметтік емес ұйымдар мынадай критерийлерге жауап беруі тиіс:

- ұйым сәйкес аймақта тіркелуі және ауылдық аумақта қызметін жүзеге асыруы тиіс.

- ұйым ҮЕҰ дерекқорында тіркелген болуы қажет.

3.3. бастамашыл топтан топ жетекшісі 18 жастан жоғары болуы тиіс. Конкурсқа қатысуға өтінімді бастамашылық топтың жетекшісі оның барлық мүшелерін көрсете отырып беруі тиіс. Бастамашыл топ өз қызметін тиісті өңірдің ауылдық жерінде жүзеге асыруы тиіс.

3.4. Екі санат үшін әлеуметтік жобаларды іске асыру саласында сертификаттардың, алғыс хаттардың, ұсынымдардың, жарияланымдардың немесе басқа да тәжірибенің растауларының болуы қосымша артықшылық ретінде құпталады.

  1. 4.ЖОБАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

 

4.1. Жобалар ауылдық аумақтарды дамытуға, ауылдық жерлердің өзекті проблемаларын шешуге, азаматтарды өздері тұратын ауылдық жерлерді дамытуға тарту үшін тиімді тетіктер мен қолайлы жағдайлар жасауға бағытталуы тиіс.

4.2. Жобалар ауыл халқының бастамаларын қолдауға, ауылдық жерлердің әлеуметтік проблемаларын шешуге ауыл азаматтарының белсенді қатысуын ынталандыруға бағытталуы тиіс.

4.3. Жобалардың бағыттарын тиісті өңірдегі ауылдық жерлердің қажеттіліктеріне жүргізілген бағалау негізінде ұйымдастырушылар айқындайды. Қажеттіліктерді бағалау тиісті өңірдің ауылдық аумағының тұрғындарынан сауалнама жүргізу арқылы жүргізіледі.

4.4. Жобалар шарттар жасалған сәттен бастап іске асырылуы тиіс.

4.5. Конкурстық комиссия жобаларды қарау барысында ауылдық жерлердегі жағдайды жүйелі, қолданысқа сәйкес, түбегейлі өзгертетін жобаларға басым назар аударатын болады.

4.6. Жоба өтінім нысанына (№1 қосымша) сәйкес ресімделуі тиіс.

  1. 5.КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

5.1. Конкурсты жариялау және өткізу күндерін келісу ұйымдастырушыларымен анықталады (гранттық жобаны іске асыру барысында).

5.2. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау:

5.2.1. Конкурсқа қатысу үшін жобалық өтінімдер осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес рәсімделген және pdf форматында болуы тиіс.

5.2.2. Сондай-ақ жобаның мәнін ашатын презентация немесе видео болған жағдайда өтініммен бірге поштаға жіберу қажет.

5.2.3. Қажет болған жағдайда ұйымдастырушылар өтініш берушіден конкурсқа қатысы бар қосымша ақпаратты сұратуға құқылы.

5.2.4. Конкурсқа қатысуға өтінім - қатысушының осы Ережеде көзделген талаптар мен шарттармен келісісетіндігін білдіреді.

5.2.5. Конкурсқа өтінім берушілер тарапынан қатысу ақысыз негізде жүзеге асырылады.

5.2.6. Конкурсқа қатысушы өтінімдерді қабылдау аяқталған күнге дейін конкурсқа қатысуға өзінің өтінімін кері қайтарып алуға құқылы.

5.2.7. Ұйымдастырушылармен белгілеген күннен кеш келіп түскен өтінімдер қаралмайды.

5.3. Ұйымдастырушылар алынған ақпараттың құпиялылығына және жеке деректердің сақталуына кепілдік береді.

5.4. Іріктеудің басталуы мен аяқталуы туралы хабарландыру ұйымдастырушылардың ресми сайтында жарияланады www.npoaktobe.kz сондай-ақ әлеуметтік желілерде жобаның ресми беттерінде:

Инстаграмм:

@npoaktobe

         Фейсбук:

«Ассоциация НПО Актюбинской области»

 

  1. 6.ЖОБАЛАРДЫ ІРІКТЕУ ПРОЦЕСІ

6.1. Конкурстық комиссия кемінде үш адамнан құрылады. Конкурстық комиссияның құрамына келісім бойынша ҮЕҰ қызметін дамыту, әлеуметтік жобалардың тиімділігін бағалау саласындағы сарапшылар, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ, сәйкес өңірдің жергілікті атқарушы органдар өкілдері шақырылатын болады.

6.2. Конкурстық комиссияның мүшелері конкурстың мақсаттарына, міндеттеріне және өлшемдеріне сәйкес грант алушыны таңдау жөнінде бейтарап шешім шығаруға міндеттенеді.

6.3. Конкурстық комиссияның шешімі хаттама түрінде ресімделеді,оған Конкурстық комиссияның шешімі түпкілікті сипатта болады және өзгертуге немесе шағымдануға жатпайды.

  1. 7.БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

 

  1. 1.Конкурстық комиссия келесі бағалау өлшеміне сәйкес жобаларды іріктейді:
Бағалау өлшемі Бағалау салмағы, %
1. Халықтың ауылдық жердің проблемаларын шешуге қатысуы 30
2. Мақсатты аудиторияның қажеттіліктеріне сәйкестігі және ауылдық жердің міндеттерін шешудегі тиімділігі 30
3. Жобаның болашақтағы жүйелілігі мен өміршеңдігі 20
4. Жобаны орындау жоспарының нақтылығы мен ұтымдылығы 10
5. Бюджеттің парасаттылығы мен негізділігі 10
  Барлығы: 100

7.2. Бағалаудың әрбір өлшемі бес балдық шкала бойынша бағаланады (0-ден 5 баллға дейін).

7.3. Жобаларды қарауды конкурстық комиссияның әрбір мүшесі бағалау нысанына сәйкес дербес жүргізеді (2-қосымша). Әрбір жобалық өтінім бойынша Конкурстық комиссия мүшесінің қорытынды балы мынадай формула бойынша есептеледі:

Қорытынды балл = (a * 0,3) + (b * 0,3) + (c * 0,2) + (d * 0,1) + (f * 0,1), где

               a – «ауылдық жердің проблемаларын шешуге халықтың қатысуы» критерийі бойынша балл»;

               b – «нысаналы аудиторияның қажеттіліктеріне сәйкестігі және ауылдық жердің міндеттерін шешу тиімділігі» критерийі бойынша балл;

               c – «жобаның болашақтағы жүйелілігі және өміршеңдігі» критерийі бойынша балл»;

               d – «жобаны орындау жоспарының нақтылығы және ұтымдылығы» критерийі бойынша балл;

               f – «бюджеттің парасаттылығы мен негізділігі» критерийі бойынша балл.

         7.4. Жобаның жалпы балы конкурстық комиссияның барлық мүшелері ұсынған қорытынды балдардың орташа арифметикалық сомасы болып табылады.

7.5. Шағын-гранттар конкурсының жеңімпаздары әлеуметтік жобалары ең жоғары жалпы балл жинаған 10 өтініш беруші болып табылады.

7.6. Екі және одан да көп өтінімдер бірдей балл санын жинаған жағдайда басымдық ауылдық аумақтардың, ауылдық жерлердің жергілікті қоғамдастықтарының әлеуетін дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру тәжірибесі мол өтініш берушілерге беріледі.

  1. 8.ШАҒЫН ГРАНТТАР БЕРУ ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУ ТӘРТІБІ

8.1. Өтініш берушілерге гранттар бөлу шағын гранттар конкурсының қорытынды хаттамасы мен қол қойылған грант беру туралы шарт негізінде жүзеге асырылады.

8.2. Шағын гранттың көлемі 500 000 (бес жүз мың) теңгені құрайды.

8.3. Грантты беру өтініш берушінің банктік шотына ақша қаражатын аудару жолымен жүзеге асырылады.

8.4. Төлем шартқа қол қойылған күннен бастап бес банктік күн ішінде грант сомасын аудару арқылы жүргізіледі;

8.5. Грантты пайдалану мәлімделген сметаға сәйкес қатаң жүзеге асырылады. Түзетулерге грант берушінің келісімімен ғана оны жазбаша хабардар ету арқылы жол беріледі.

8.6. Өтініш берушілердің 10 шағын грантты алу қорытындысы бойынша жобаны Ұйымдастырушы әлеуметтік жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді. Осы жобалардың қорытындылары «Өңірлердегі ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» жобасының аралық бағдарламалық және қаржылық есептерде және қорытынды бағдарламалық және қаржылық есептерінде көрсетілуі тиіс.

8.7. Толық емес мәліметтер ұсынылған жағдайда грант беруші есепті пысықтауға жіберуге құқылы.

8.8. Жоба тиісінше орындалмаған, грант қаражатын мақсатсыз пайдаланған және есептілікті уақытында тапсырмаған жағдайда Грант алушы грант қаражатын қайтаруды жүзеге асыруға міндеттенеді. Сомасы мен мерзімдері грант беру туралы шартта айқындалатын болады.

8.9. Грант алушы өзі туралы, жобаны іске асыру барысы, оның кезеңдері мен нәтижелері туралы БАҚ-та және әлеуметтік желілерде ақпарат жариялауға келісім береді.

8.10. Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде гранттық жобаларды іске асыру туралы ақпарат, сондай-ақ олардың қорытындылары жариялануы тиіс.

9. ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

 

9.1. Барлық туындаған дауларды ұйымдастырушы мен конкурстық комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешеді.

9.2. Конкурс ұйымдастырушылары:

Байқауды ұйымдастырушы: «Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы» ЗТБ

Мекен-жайы: Ақтөбе қ.,Прохоров к., 11. Тел: 8 7132 24 40 70.

e-mail: gak.aktobe@gmail.com

Жоба басшысы: Дюсенова Айгуль

                             Тел: +7 701 494 44 54

Жобаның үйлестірушісі: Кенжибекова Салтанат

                             Тел: +7 701 668 48 78

Жобаның менеджері: Орынбасарова Ардак

                             Тел: +7 775 160 58 23

                                                                                                             Қосымша 1

Ауылдық үкіметтік емес ұйымдарға:

Заңды мәртебесін көрсете отырып, ұйымның толық атауы қазақ және орыс тілдерінде  
Заңды тіркеу күні  

Ұйымның заңды мекен-жайы

(пошталық индекс, облыс, елді мекен, көше, үй, кеңсе)

 

Ұйымның нақты мекенжайы

(пошталық индекс, облыс, елді мекен, көше, үй, кеңсе)

 

Ұйымның байланыстары

(жұмыс телефоны, факс, электрондық пошта)

 
Заңды тұлғаның банктік деректемелері (БСН, ЖСК, БСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы  
Ұйымның бірінші басшының аты-жөні  
Басшы лауазымының атауы  

Басшының байланыстары

(жұмыс телефоны, факс, электрондық пошта)

 
Ұйым бухгалтерінің аты-жөні  

Бухгалтердің байланыстары

(жұмыс телефоны, факс, электрондық пошта)

 

Ұйымның құрылтайшылары туралы мәліметтер

(Құрылтайшылардың аты-жөні / құрылтайшы ұйымдардың атауы)

 
Жарғыға сәйкес заңды тұлғаның қызметі, штаттық қызметкерлер саны  
ҮЕҰ дерекқорында болу туралы ақпарат  
Мақсатты аудитория/мекенжай тобы (егер қолданылса)  

Бастамашыл топтарға:

Елді мекен (міндетті түрде көрсету керек))  
Бастамашыл топтың басшысы туралы мәліметтер:
Аты-жөні (толық)  
Туған күні  
Білімі (білім беру мекемесінің атауын және мамандығын көрсету қажет)  
Жұмыс орны (ұйымның атауы және лауазымы)  
Марапаттар, сертификаттар, курстар (сіздің біліктіліктеріңізді және кәсібилігіңізді растайтын деректер болған жағдайда көрсету)  
Ұялы телефон (аталған телефон арқылы ұйымдастырушылар сізбен байланысатын болады)  
Байланыс телефоны (негізгі телефон қол жетімсіз болған жағдайда). Адамның атын және оның сізбен қарым-қатынас дәрежесін көрсету: дос, ана және т. б.)  
Электронный адрес  
Instagram, Facebook, Telegram әлеуметтік желілеріндегі аккаунттар (іздеуді жеңілдету үшін профильдер сілтемелерін көрсетіңіз)  
Қосымша мәліметтер (Сіздің ойыңызша, Конкурстық комиссия білуге тиіс кез келген ақпарат, фактілер және басқа да мәліметтер)  
Бастамашыл топтың қатысушылары туралы мәліметтер:
1 қатысушы (әрбір қатысушыға жеке толтырылады)
Аты-жөні (толық)  
Туған күні  
Ұялы телефон (аталған телефон арқылы ұйымдастырушылар сізбен байланысатын болады)  
Электрондық мекен-жай  
Instagram, Facebook, Telegram әлеуметтік желілеріндегі аккаунттар (іздеуді жеңілдету үшін профильдер сілтемелерін көрсетіңіз)  
2 қатысушы
3 қатысушы және т.б.

2. Әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер (бастамашылық топтар мен үкіметтік емес ұйымдар үшін)

 

Жобаның атауы, мақсаттары, міндеттері, мазмұны Жүзеге асыру мерзімі Қол жеткізілген нәтижелер Жұмсалған ресурстар (қаржылық, материалдық, адами және т. б.)
  1. 1.
  1. 2.

 

3. Жоба туралы ақпарат

  1. 1.

Жобаның атауы

Жобаның атауын қазақ және орыс тілдерінде көрсетіңіз

  1. 2.

Жобаның мақсаты

Сіздің жобаңыз не үшін қажет? Сіздің елді мекеніңіздің қандай әлеуметтік мәселелерін шешеді?

  1. 3.
Жобаны жүзеге асыру аймағы
  1. 4.

Жобаның мақсатты тобы

Сіздің жобаңыздан кім пайда көреді?

  1. 5.

Мақсатты топтың жоспарлы сандық қамтылуы

Сіздің жобаңыздан қанша адам пайда көреді? Нақты санды көрсетіңіз

  1. 6.

Жоба бойынша қызметтің қысқаша сипаттамасы. Жоба бойынша іс-шаралар тізбесі

Сіз жобаны іске асыру үшін не істейсіз? Сіз мұны қалай жасай аласыз? Қандай іс-шаралар өткізесіз?

  1. 7.

Жоба бойынша серіктестер

Жобаны кіммен іске асырасыз? Кімнен көмек сұрайсыз? Кімді тарту керек? Сіз серіктес ретінде қандай ұйымдар мен мекемелерді тартуды жоспарлап отырсыз? (Серіктестердің атауын көрсетіңіз)

  1. 8.

Күтілетін нәтижелер және жобаның әлеуметтік әсері

Нәтижесінде не аласыз? Жергілікті халық үшін сіздің жобаңыз қандай пайда әкеледі? Жоба жүргізілгеннен кейін сіздің жеріңізде қандай өзгерістер болады?

  1. 9.

Жобаның жалпы құны (теңгемен)

Жобаны іске асыру үшін қанша қаражат қажет?

  1. 10.

Жобаның тұрақтылығы

Қаржыландыру аяқталғаннан кейін жобаны жалғастыра аласыз ба? Жобаны қалай жалғастыруды жоспарлайсыз?

  1. 11.

Жұртшылықты ақпараттандыру

Адамдар сіздің жоба туралы қалай біледі? Жоба туралы ақпаратты қайда орналастырасыз? (Мүмкіндігінше атауын көрсетіңіз).

  1. 12.

Әлеуметтік жобаның тәуекелдері

Жобаның барысы мен нәтижесіне қандай тәуекелдер әсер етуі мүмкін? Сіз тәуекелді және мұндай салдарларды азайту ықтималдығын қалай жоспарлайсыз?

  1. 13.
Жобаны іске асыру жоспары
Іс-әрекет / іс-шара Жоспарланған мерзім Қатысушылар Топтың жауапты мүшесі
1 2 3 4 5
15. Жоба бюджеті
Шығын бабы Саны бірл. Бағасы Сомасы
1 2 3 4 5

Өтінімге мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:

конкурсқа қатысуға өтінімді ұсыну туралы қол қойылған ілеспе хат: бастамашыл топтар үшін – еркін нысанда, заңды тұлғалар үшін-ұйымның ресми бланкісінде мөр басылған;

- ұсыным хаттар (бар болған жағдайда);

- жобаны таныстыру, жоба туралы бейне (бар болған жағдайда).

Конкурс қорытындылары жарияланғаннан кейін әлеуетті грант алушылар келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

Бастамашыл топтар үшін:

- жеке куәліктің сканерленген нұсқасы;

- шоттың 20 таңбалы нөмірінің болуы туралы қолы және мөрі бар банктен анықтаманың сканерленген нұсқасы;

- борышкерлер тізілімінде жоқ екендігі туралы салық органынан мәліметтер;

- жобаны іске асырудың толық жоспары;

- жоба бойынша толық смета.

 

Үкіметтік емес ұйымдар үшін:

- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің/анықтаманың сканерленген нұсқасы;

- ұйымға қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының Банк шотының болуы туралы және (ІІ) конкурс аяқталған күннің алдындағы бір айдан бұрын берілген міндеттемелердің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы (І) қол қойылған және мөрмен сканерленген анықтама;

- жобаны іске асырудың толық жоспары;

-жоба бойынша толық смета.


2 Қосымша


ЖОБАНЫ БАҒАЛАУ НЫСАНЫ

  Критерийге сәйкестігін бағалау шкаласы: 0-5 балл (бүтін сандар):
Өтінім нөмірі:   0 балл Сәйкес келмеуі
Жобаның бағыты:   1-2 балл Нашар сәйкестік
Комиссия мүшесінің аты-жөні:   3 балл Қанағаттарлық сәйкестік
Қолы:   4 балл Жақсы сәйкестік
Күні:   5 балл Өте жақсы сәйкестік
№ п/п Бағалау критерилері

Бағалау

(0-5 балл)

Өлшенген балдар (бағалау*в өлшемінің үлес салмағы %)
Халықтың ауылдық жердің проблемаларын шешуге қатысуы    
Мақсатты аудиторияның қажеттіліктеріне сәйкестігі және ауылдық жердің міндеттерін шешудегі тиімділігі    
Жобаның болашақтағы жүйелілігі мен өміршеңдігі    
Жобаны орындау жоспарының нақтылығы мен ұтымдылығы    
Бюджеттің парасаттылығы мен негізділігі    
  Өлшенген балдардың жалпы сомасы:    

 

 

 

Скачать: Объявление.

grant

Переключение языка