БІЗ БІРГЕМІЗ!

Коронавирус індеті бүкіл әлемге үрей туғызды. Дегенмен ауызбіршілік пен адамгершіліктің, мейірім мен сабырдың жеңбейтіні жоқ. 

Ақтөбелік еріктілер мен белсенді азаматтар ел басына күн туған осындай шақта мейірім мен бірліктің тамаша үлгісін көрсетті.

— Дүние жүзіне таралған коронавирус індетіне байланысты елімізде төтенше жағдай енгізіліп, президент халыққа үндеу жариялап, халықты сабырлылыққа, осы індетті бірге жоюға шақырды.  Президент көпшілікті адам көп жиналатын жерге бармауға, үйде отыруға шақырды. Бұл өте дұрыс. Сыртқы әлеммен байланысты шектеу — вирус жұқтырып алмаудың кепілі.  Осындай жағдайда жұмылып жұдырық болып әрекет ету өте маңызды.  «Біз біргеміз» акциясының мақсаты — үйде шыға алмайтын жалғызілікті қарияларға, мүгедек балалары бар отбасыларға, мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету. Осы мақсатта  белсенділер мен еріктілер үш топқа бөлініп, 20-ға жуық отбасына қолдау көрсетіп, азық-түлік жиынтығын ұсындық. Қиын кезде бауырларымызға көмектесу — біздің азаматтық парызымыз. Акция барысында тұрғындарға короновирустан сақтану шаралары жазылған парақтар да тараттық, — дейді осы істің басы-қасында жүрген «Ақтөбе облысы Үкіметтік емес ұйымдар Қауымдастығы» ЗТБ президенті Айгүл Дюсенова.

А.Дюсенованың айтуынша, еріктілер мен белсенді азаматтардың, үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің қолға алуымен басталған бұл шара әлі де жалғасын табады.

Free Joomla Lightbox Gallery

Переключение языка