ДИАЛОГ АЛАҢЫ

«Ақтөбе облысы үкіметтік емес ұйымдар Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі «Азаматтық бастамалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранты аясында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша қарастырылмаған ҮЕҰ облыстық ресурстық орталығының жұмысын жандандыруды жоспарлап отыр.

 

«Биыл IX Азаматтық Форум өткізілетіні белгілі. Осы мақсатта бұл жұмысты облыста барынша қарқынды жүргізу қажет. Ең алдымен Ақтөбе облысы үкіметтік емес ұйымдарының жеткен жетістіктерін жұртқа паш етуіміз керек. Сондықтан, алдымызда жыл бойы Ақтөбе облысындағы белсенді үкіметтік емес ұйымдар туралы ақпараттар жинау, презентациялық диалог алаңдарын жүргізіп, аймақтық Азаматтық форумда ҮЕҰ жетістіктерінің Галереясын ұйымдастыру мақсаты тұр.

Диалог алаңдарына қатысуға ниет еткен ҮЕҰ өкілдері Азаматтық орталыққа хабарласуларына болады», — дейді Ақтөбе облысы үкіметтік емес ұйымдар Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі президенті Айгүл Дюсенова.

Азаматтық орталық Прохоров көшесі 11-үйде (С.Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасы ғимараты) сенбі, жексенбі күндерінен басқа уақыттарда сағат 9.00-18.00 аралығында жұмыс істейді. Телефон номері 24 40 70,электронды адресі — gak.aktobe@gmail.com, және ватсап номері 8 701 494 4454 бойынша хабарласа аласыздар.

 

Free Joomla Lightbox Gallery

Переключение языка