Бейбітшілікті сақтау — бәріміздің ортақ борышымыз

Базарбай Иманов,

«Қазақия» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Ақтөбе облысы филиалының басшысы.

Қордай оқиғасы елдегі ұлтаралық татулыққа, ынтымақ пен береке-бірлікке ешқандай сызат түсірмеуі керек. Бұл оқиға осы елдің әрбір азаматына елдің заңдарына құрметпен қарауға сабақ болуы тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай оқиғасына байланысты халыққа жолдаған үндеуінде: «Еліміздің Конституциясы мен заңдары барлық азаматтар үшін міндетті болып табылады. Патриотизмді қалыптастыру, этносаралық келісім мен бейбітшілікті сақтау — барлық Қазақстан азаматтарының борышы. Тек диалог пен конструктивті қарым-қатынас қоғамдағы бірлік пен келісімнің негізі бола алады», — деген болатын.

Сонау қиын-қыстау замандарда тағдырдың жазуымен шетел асып кеткен қазақтар да өзге елдерде жылдар бойы өмір сүрді. Ешкім жерін басып, ауасын жұтып жүрген жердің заңын белден басқан жоқ. Сол жердің заңына бағынып, тілін құрметтеді. Ал Қазастан — біздің ортақ қазынамыз, сондықтан, Президент айтқандай, елдегі патриотизмді қалыптастыру, этносаралық келісім мен бейбітшілікті сақтау — бәріміздің ортақ борышымыз.

ИМАНБАЙ БАЗАРБАЕВ

Переключение языка