ҮЕҰ ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫНА АҚПАРАТ ҰСЫНУДЫҢ КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІ

Құрметті ҮЕҰ жетекшілері!

Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы үкіметтік емес ұйымдардың деректер базасына ақпарат ұсынудың келесі кезеңі басталғаны туралы хабарлайды. Ұйымдардың 2019 жылғы қызметі туралы ақпаратты ұсыну мерзімі 2020 жылдың 31 наурызында аяқталады.

Осыған байланысты жеке мекеме, қоғамдық бірлестік (саяси партиялар, діни бірлестіктер мен кәсіподақтар түрінде құрылған қоғамдық бірлестіктерді қоспағанда), коммерциялық емес акционерлік қоғам (құрылтайшысы немесе акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдарды қоспағанда) түріндегі үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық, корпоративтік және жеке қорлар, заңды тұлғалар бірлестіктері (бірлестік), сондай-ақ Қазақстан Республикасыаумағында жұмыс істейтін шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктеріне infonpo.kz веб-порталында есептіліктің электронды нысанын уақытылы толтыру ұсынылады.

Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҮЕҰ деректер базасында тіркелу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберіндегі әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыру конкурсына қатысу, сондай-ақ ҮЕҰ-ға сыйлықақы алу үшін міндетті шарт болып табылады.

Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы ақпаратты infonpo.kz веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсыну үшін Сіз Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) алуыңыз керек. Интернет арқылы ақпарат жіберуге мүмкіндігі жоқ азаматтар ақпаратты почта арқылы немесе қағазға және электронды тасымалдағышқа CD, ROC немесе DOC, DOCX форматындағы USB-флэш-дискілер) жазып алу арқылы жібере алады.

ҮЕҰ қызметі туралы ақпарат пошта арқылы жіберуге немесе өз қолыңызбен апарып беруге болады. 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәнгілік Ел даңғылы 8, 15 кіреберіс, Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің Азаматтық істер комитеті мекен-жайына ілеспе хатпен бірге жіберу керек.

ҮЕҰ деректер базасына ақпаратты уақытылы ұсынбағаны үшін ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған. ҮЕҰ деректер базасына ақпарат жіберуге кеңес, көмек алу үшін Прохоров көшесі 11-үйде орналасқан (тел. 24 40 70) ҮЕҰ қолдау жөніндегі Азаматтық орталығына жүгінуге болады.

Құрметпен,

«Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығы» ЗТБ президенті А.Дюсенова.

Переключение языка